30
март
2023
1 сыныпқа қабылдау

1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 2023 ЖЫЛДЫҢ 1 СӘУІРІНЕН БАСТАЛАДЫ
🔰2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ Электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.
Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады.
📌Білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
📌Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші оқуға қабылдау кезінде 3/1 қағидасы бойынша білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға өтініш берген бірінші үшеуге оқуға қабылданғаны туралы, содан соң - бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге оқуға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
📌Балаларды гимназиялар мен лицейлердің бірінші сыныбына қабылдау үшін білім беру ұйымдары мерзімдері, нысандары мен тапсырмалары күнтізбелік жылғы 15 маусымға дейін дербес белгілейтін емтихандар өткізеді.
Ата-аналарға порталдың «Білім» бөлімінен «Орта білім» бөліміне өту қажет. Ары қарай «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып, өтініш беру керек.
📌Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
✅Өтініш;
✅Бала денсаулық паспорты 026/у-3 нысаны, 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅3*4 көлеміндегі 2 дана сурет.