03
август
2024
Хабарландыру
Құрметті ата-аналар, оқушылар!
Биыл мектебімізде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылысымыз сәтті аяқталып, 300 орындық қосымша ғимарат қолданысқа берілетіндігі туралы қуана хабарлап айтамыз. Бұл- бүгінгі ұрпақтың білім нәрімен сусындап, өмірден өз орнын таба білетін білімді, сауатты маман болып шығуы үшін жасалған қадам. Сонымен қатар, жаңа оқу жылын баршамыз асыға күтудеміз. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерімізбен мектеп қабырғасында қауышамыз деп үміттенеміз. Барша шәкірттерімізбен қауышып, дәстүрлі оқуға оралсақ деген үлкен арманымыз бар.
Мектеп басшысы ретінде сіздермен байланыста болып, көкейдегі сұрақтарыңызға жауап беріп, кез келген ұсыныстарыңыз болса, әрдайым қабыл алуға дайынмын. Еліміздің өркендеуі мен мектеп абыройының асқақ болуына бірлесе жұмыс жасаймыз деген сенімдемін. Қандай да сауалдарыңыз бен бөлісер ойларыңыз болса, мектеп сайтына, мектептің әлеуметтік желілері арқылы жолдай аласыздар.
Жаңа оқу жылында толағай табыстар мен кемел жетістіктерге сіздермен бірге жетеміз деп сенім білдіреміз. №15 мектеп-гимназия ұжымы еліміздің ертеңі үшін аянбай қызмет етуге, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ешқашан аянып қалмайды!
Еліміздің болашағы, ұлтымыздың ертеңі мектеп қабырғасында білім алатын жас ұрпақтың саналы ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы тұрғыда біздің ұрпақ дамыған елдердегідей сапалы білім алуға, ұлттық ұлағатты тәрбие алуға құқылы. Біз ол үшін барымызды саламыз!
Құрметті ата-аналар! “Бала – бауыр етің”, өміріңнің мәні де, сәні де солар… Бала өмірінің қауіпсіздігі Сіздер үшін де , ұстаздар біз үшін де өте маңызды‼️Қыркүйек айыннан бастап №15 мектеп-гимназияның оқушылары уақытша: 1-4 сыныптар №24 гимназияға, 5-7 сыныптар №33, 8-11 сыныптар №16 орта мектептеріне бөлініп оқитын болады. Өз сын жетекшілерімен оқу процесі басталып, аяқталғанша бірге болады ‼️. Сабақ беретін де өзіміздің ұстаздар ‼️ Мектеп директорының орынбасарлары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, инспектор, медбике өз қызметтерін атқарады ‼️
АТА-АНА, ОҚУШЫ, ҰСТАЗ болып өзара бірлесіп, ынтымақтастық және түсіністік пен мектептің құрылыс жұмыстары сәтті аяқталуына қолдау көрсетеміз деген сенімдемін.
№15 мектеп-гимназия директоры Р.Б.Булекбаева