29
декабрь
2022
" Тіл мен тарих - ғасырлар куәсі" тақырыбымен әдеби- тарихи кеш
29 желтоқсан күні 15 мектеп - гимназиясында, қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері бірлестігінің айлығының жабылуына арналған " Тіл мен тарих - ғасырлар куәсі" тақырыбымен әдеби- тарихи кеш өткізілді. Кеште оқушылар М.Шахановтың " Отырар" дастанынан сахналық қойылым көрсетті. Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, Отансүйгіштік сезімдерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған кеш көрермендер көңілінен шықты.



















