30
декабрь
2022
"Қош келдің, жаңа жыл" тақырыбымен сынып сағаттары мен ертеңгіліктер
Жаңа жыл ерекше мереке. Жаңа жыл десе, қыс келбеті, аппақ қар, жасыл шырша есімізге түседі. 29 желтоқсан күні 15 мектеп - гимназиясында 1-11 сынып оқушыларына арналған "Қош келдің, жаңа жыл" тақырыбымен сынып сағаттары мен ертеңгіліктер өткізілді. Мерекенің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақша қар жаңа жыл мерекесімен оқушыларды құттықтады. Сынып тәрбие сағаттарында, ертеңгіліктерде оқушыларға Жаңа жыл туралы мағлұматтар берілді. Оқушылар өздерінің дайындаған өнерлерін, ән-жыр, билерін ортаға салды. Асыға күтетін Жаңа жыл мерекесінде, оқушылардың бір- біріне деген достық сезімдері артып, қуаныш сезімдерге бөленді. Баршаңызға Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!





















