12
январь
2023
Абайлаңыз, жол тайғақ
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі - ең басты байлық. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде қыс мезгілінде, оқушыларға жолда жүру ережелерін үйретуге көп көңіл бөлінуде. 15 мектеп- гимназиясында, қыс мезгіліндегі оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында, іс - шаралар жоспары жасалынды. Оқушыларға "Абайлаңыз, жол тайғақ" қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Мектеп медбикесі оқушыларға кеңестер берді. Жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдері толықтырылды.













