17
март
2023
Тал егу акциясы -өте маңызды іс екені сөзсіз.
Тал егу акциясы -өте маңызды іс екені сөзсіз. Тал - бейбітшіліктің нышаны., табиғаттың нәзіктігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі. Тал егу жұмысы арқылы болашақ ұрпақтың табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адамзат баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парызымыз! Жасылдандыру мақсатында жыл сайын көктем мезгілінде, 15 мектеп- гимназиясында Наурыз мерекесі қарсаңында, жоғары сынып оқушылары тал егу акциясын ұйымдастырады. Оқушылар биыл да сол дәстүрді жалғастырып, " Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деген игі тілекпен өз үлестерін қосып, ұстаздардың, үлкендердің алғысына бөленді.




















