25
октябрь
2023
"Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!" мерекелік кеші
Республика күнінде жүрегі қазақ деп соғатын әрбір Қазақстан азаматының кеудесін мақтаныш кернеп, еліне деген сүйіспеншілігі жүзінен байқалатын күн. №15 мектеп-гимназиясында "Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!" тақырыбында мерекелік кеш, концерт өткізілді. Оқушылар ән мен жыр шумақтарын арнап, қыздарымыз мың бұрала билеп, домбырашы шәкірттеріміз күмбірлете күй шерткен кеш тартымды өткізілді. Мерекелік кеште мектеп директоры Р.Б.Булекбаева сөз алып, ұстаздар мен оқушыларға құттықтау тілегін жеткізді. Тәуелсіздіктің ақ таңына жол ашқан 25-қазан Республика күні құтты, ел іргесі мықты, жүзіміз жарық болсын!







