17
октябрь
2023
"Сен жанбасаң лапылдап" семинар-тренингі
№15 мектеп-гимназиясында ата-аналарды педагогикалық қолдау нұсқаулығымен таныстыру бағытында «Сен жанбасаң лапылдап?» тақырыбында ата-аналармен семинар-тренинг өткізілді.
17.10.2023 жылы «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» нұсқаулығымен таныстыру мақсатында 11-сынып жетекшілері М. Райымқұлова мен Ж. Қыдыралының, мектеп психологтары Р. Саукинбекова мен М. Утепованың ұйымдастыруымен ата-аналарға «Сен жанбасаң лапылдап» тақырыбымен семинар-тренинг өткізілді. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың қыркүйек, қазан айларындағы тестілеуден алған баллдары туралы слайдта көрсетіп, тесттен алған балдарының нәтижелерімен таныстырды.
Мамандық таңдау кезінде балаға қолдау көрсетуі үшін ата-ананың мықты уәжін қалыптастыру жолына түсінік берілді.
«Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны» екені айтылды.
Мектеп психологтары Р. Саукинбекова мен М. Утепованың
ұйымдастыруымен ата-аналарға жағымды ахуал туғызу мақсатында сергіту сәті жүргізілді. "Тіл алғыш бала" жаттығуын ата-аналармен жүргізді.
Сабаққа қатысқан ата-аналар түстер арқылы екі топқа бөлінді. Топтарға олардың жас кезіндегі мамандық таңдауда кездескен жағдайлары туралы сөйлесіп, ортаға салу ұсынылды.
1-топ ата-аналарды қорғады. «Мен мамандықты ата-анамның кеңесі бойынша таңдадым және оған өкінбеймін» сұрақтарына жауап берді.
2-топ ата-аналарының кеңесі бойынша мамандық таңдағанына өкінеді. "Мен мамандық алдым, жұмыс істеймін, бірақ әр жұмыс күні мен үшін азап". Топта жағдаят талқылауға ұсынылды.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де - бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Абай «сен де бір кірпіш боп қалан» - деп, нені айтқысы келді? – деген сұрақтарға жауап берілді.
Видеоролик: “Құмырадағы ақау көрсетілді. Ұлттық бірыңғай тестіге қатысатын сіздің балаңыз үшін бұл бейнебаянның тәрбиелік маңызы бар ма? – деген сұрақтарға ата-аналардың ой-пікірлері тыңдалынды.
ҰБТ-ға қатысатын балалардың барлығының деңгейі бірдей емес. Бір оқушы жақсы оқыса, екіншісінің үлгерімі орташа болады. Сол себепті құмырадағы ақау видеоролигін ата-анаға өз балаңыздың білім деңгейі төмен болса да, оның кемшілігін айта бермей, баланың ата-ана үшін қымбат екені түсіндірлуі керек. Ақауы бар құмыра секілді бала өзін керексіз сезінбеуі қажет деген ой жеткізілді. Директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары М. Жанысбаева қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ата-аналарға слайдпен ашып түсіндіріп өтті.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға мектеп директоры Р.Б. Булекбаева нақты дәлелдермен жауап беріп, ата-аналар мен мектеп бірлесе жұмыс атқарғанда ғана бала тәрбиесіндегі олқылықтардың орын алмайтынын жеткізді. Семинар тренингке ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.