15
ноябрь
2023
Теңге - мемлекет келбеті
Ұлттық валюта төл теңгеміздің шығу тарихымен таныстыру, ұлттық теңгемізді қастерлеуге үйрету мақсатында №15 мектеп-гимназиясында "Теңге - тәуелсіздік нышаны" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушыларға Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгенің маңызы, қолданылу аясы туралы түсініктер берілді. Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн - Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.
























