07
июнь
2024
№15 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №15 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КММ
№15 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ
(2023-2024 оқу жылы)
Құрметті ата-аналар, сіздердің назарларыңызға 2023-2024 оқу жылында №15 мектеп-гимназиясының атқарылған жұмыстарының есебін ұсынамын.
Тәрбие басы білім алушыға эстетикалық жағдай жасаудан және тазалықтан басталады. Тек жайлылық жағдайларда ғана біз рухани бай адам тәрбиелей аламыз. Сондықтан, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтудағы орасан жұмыстар, мектеп үдерісінің ең басты қатысушылары, мектептің иелері – балалар үшін жасалады. Балалардың мектепте сапалы білім алып, өздерін жайлы сезінулері үшін барлық жағдай жасалынған.
Мектеп әкімшілігі білім ордасын тек жақсы күтімді ғимарат қана емес, білімнің, сұлулық пен мейірімділіктің нағыз ғибадатханасына айналдыруға тырысады. Мектеп басшысы ретінде алдарыңызда дәстүрлі мектеп – гимназияда атқарылған жұмыстар есебін ұсынамын.
Біліктілікті арттыру – мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму, өз білімін көтеру болып табылады. Педагогтердің бес жылда бір рет курстан өтуі бақыланып отырады. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған оқыту курстарынан 77 педагог 100% өткен. Мұғалімдер «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері» тақырыбындағы инклюзивті оқыту бағдарламасы бойынша курстарда оқып сертификатталды. 2019-2024 жылдары аралығында аттестаттаудан өтетін және жаңа форматтағы аттестаттау бойынша педагог шебер-1мұғалім, педагог-зерттеуші-19 мұғалім педагог-сарапшы- 17 мұғалім, педагог-модератор-17 мұғалім өткен. Мектеп директоры, 2 директордың орынбасарлары екінші санатты, 1 орынбасары бірінші біліктілік санатын алған.
Педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы мұғалімдердің үлесі жаңа формат бойынша аттестаттаудан өткен мұғалімдердің үлесі 48,1%, (жалпы саны -77). Педагог-кадрлардың потенциалы жоғары.
2024 оқу жылының IV тоқсанында 771 білім алушы мектепті аяқтады. Оның ішінде 169-ы (24,1%) үздіктер, 325-і (46,3%) үлгерімі жақсы білім алушы, 208-і (30%) орта оқитын білім алушылар.
1 (2) - 4 сыныптар бойынша үздік 83 (33,6%) білім алушы, үлгерімі жақсы 105 (42,5%) білім алушы, орта оқитын білім алушы 59 (24%) , IV тоқсан бойынша білім сапасы – 76,1 %, үлгерімі -100%(ІІІ тоқсанда - 74,5%,өсу динамикасы +1,6 өсті).
5-9 сыныптар бойынша үздік 79 (21,1%) білім алушы, үлгерімі жақсы 179 (48%) білім алушы, орта оқитын білім алушы 116 (31%), IV тоқсан бойынша білім сапасы – 69%, , үлгерімі -100% .(ІІІ тоқсанда - 69% өсу динамика – 0).
10-11 сыныптар бойынша үздік 7 (9%) білім алушы, үлгерімі жақсы 41 (51%) білім алушы, орта оқитын білім алушы 33 (41%) , IV тоқсан бойынша білім сапасы – 60,2%, үлгерімі -100%(ІІІ тоқсанда –60,2% өсу динамика – 0).
1 (2) - 4 сыныптар бойынша үздік 84 (34%) білім алушы, үлгерімі жақсы 103 (42%) білім алушы, орта оқитын білім алушы 60 (24,2%) , жылдық білім сапасы – 75,7%, үлгерімі -100%.
5-9 сыныптар бойынша үздік 79 (21,1%) білім алушы, үлгерімі жақсы 182 (48,6%) білім алушы, орта оқитын білім алушы 113 (30,2%), жылдық бойынша білім сапасы – 70%, үлгерімі -100%.
10-11 сыныптар бойынша үздік 7 (9%) білім алушы, үлгерімі жақсы 43 (53,1%) білім алушы, орта оқитын білім алушы 31 (38,2%) , жылдық білім сапасы – 62%, үлгерімі -100% .
Оқушылардың білім сапасының төмендеу себептері анықталып, директор жанындағы және педагогикалық кеңестерде талқыланды. Ата-аналар, оқушылар арасында сауалнама, оқу жетістіктеріне мониторинг, салыстырмалы талдау жүргізіліп, анықталған олқылықтарды жою мақсатында мектепте іс-шаралар жоспарланды. Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақтар, қосымша білім беру сабақтарын бақылау, психологиялық тренинг, кеңес беру жұмыстары, сабақтарға қатысу, әдістемелік семинар, шеберлік сынып, Веб-конференция, жас мамандармен тәлімгерлік жұмыстары жүргізіліп, мектепішілік бақылау жұмысы күшейтілді. Осы жұмыстың нәтижесінде 2023-2024 оқу жылының аяғында мектеп бойынша оқушылардың білім сапасы 71 % көрсетіп отыр.
9-сынып оқушылары арасында үздік аттестат үміткерлері мен 11-сынып оқушылары арасында 1 үздік аттестат үміткерлерімен жоспарлы түрде жұмыс ұйымдастырылды. Оқушылардың ата-аналарымен балаларының жетістіктері жайында кеңес беру жұмыстары, онлайн-тест, сынақ емтихандары жүргізілді.
Оқушыларды қорытынды аттестаттауға даярлықты сапалы жүргізу мақсатында, пән мұғалімдері айына 1 рет тестілеу жүргізіп отырды. Қатемен жұмысты қосымша сабақтарда жүргізіп, 9-11-сыныптарда ІІІ тоқсанда емтихан материалдары үлгісінде сынақ емтихандары алынып отырды. Мектепте 4-9 сыныптардың оқушыларын ББЖМ-ге дайындау бойынша жоспарға сай қазан айынан бастап дайындық жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушыларға арналған стенд ресімделді. Пән мұғалімдерімен жоспар құрылып, қосымша сабақтарда, сабақ өткізу барысында оқушылардың функционалды сауаттылықтарын дамытуды іске асыруда жұмыстар жүргізілді.
Педагогтер саны – халықаралық деңгейде -6, республикалық – 77, облыстық -6, қалалық- 36 мұғалім педагогтердің кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары атанды. Конференцияларға, семинарларға, форумдарға, көрмелерге, педагогикалық оқуларға қатысушы педагогтердің үлесі күн санап артып келеді.
Ұстаздарымыз өз біліктіліктерін түрлі педагогикалық байқауларда көрсетіп жүр. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Тажибаева Гулнур 2023жылы Ақтөбе қаласында өткен қашықтықтан байқауда 1 орын, Сериева Лаура «Цифрлық білім беру ортасы: мәселелері, болашағы және байланыс шектері» тақырыбында 2 орын иеленді. Бастауыш сынып мұғалімдері Егізбаева Айнұр мен Қылышбай Нұрдана Бақытжанқызы 2024жылдың 24-25 мамыр аралығында ТИгУ-да өткен «Қазақ тілі филологиясының өзекті мәселелері және цифрландыру кезеңіндегі ІТ- лингвистиканың зерттелуі» тақырыбында 1 орындарды иеленді.
«Білікті ұстаз-2023» тақырыбында «Ақтөбе облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының» олимпиадасына16 мұғалім қатысып 1 орын, 13 мұғалім 2 орын, 1 мұғалім 3 орындарды иеленді.
Мектептің әдістемелік жұмысы, пәндер кафедрасының жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалар байқауына мектеп педагогтері мен оқушылары да қатысуда. Оқушылардың ғылыми жобалары жазылып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Педагогикалық тәжірибені жалпылау, тарату және тереңдету үшін мұғалімдер өз еңбектерімен, тәжірибесімен бөлісіп, түрлі жарыстарға, қашықтық олимпиадаларға қатысып, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды.
«Үздік авторлық бағдарлама» байқауына ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Тасқараева Гюльнар Болатовна қатысып 1 орын, Тажибаева Гулнар Шалгынбаевна 2 орын иеленді. «Математика сабағында білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында Жанузакова Ботагул Алимкуловнаға сертификат берілді. Мұғалімдер арасындағы ІІІ республикалық спартакиадаға белсене қатысқаны үшін, денешынықтыру пәнінің мұғалімі Утегенов Алмазға сертификат берілді. «Аманат», «Мұғалім күніне» орай ұйымдастырылған байқауларда 12 мұғалім «Құрмет грамотасымен марапатталынды. Мектеп тәлімгері- Самал Пашралиева «Үздік тәлімгер-2024» байқауына қатысып, 3 орынмен марапатталды. Абдраманова Гульназ «Үздік бейне сабақ» байқауында 2 орынмен, Бекбергенова Ақбота Калкамановна «Зеректер», «Бастау» олимпиадасына қатысып, 1 орын иеленді. Мектеп психологтары Р. Саукымбекова мен М.Утепова «Когнитивті мінез-құлық психотерапиясының негіздері» курсын оқып, сертификат иеленді.
Мектеп оқушыларының республикалық байқауларына «Кенгуру», «Мақатаев оқулары», Ақберен, «Ілияс оқулары», «Мағжан оқулары», «Ақбота», «Enactus Kazakhstan», «Буктрейлер» республикалық бейнероликтер, «Тарих ата» 5-9 сынаптарына арналған байқауларында барлығы- 160 оқушы І орын, 155 оқушы- ІІ орын, 80 оқушы-ІІІ жүлделі орындарды иеленді.
Әлеуметтік желіде мектептің арнайы жеке сайттары бар. Фейсбук, Инстаграм парақшаларында мектеп-гимназиясының атқарылып жатқан іс-шаралары, түрлі сайыстар мен байқаулар, бала тәрбиесіне қатысты мақалалар мен жариялымдар, әдістемелік семинарлар, мектеп мақтанышына айналған оқушылардың түрлі деңгейдегі марапаттары, суреттері, бейнебаяндары лездеме түрінде салынады. Мектептің дамуына, қоғамдық жағдайына өз үлестерін қосқан, кәсіби жоғары деңгейдегі ұстаздар «Қанатты ұстаздар» парақшасында мақалалары жарияланады.
Қамқоршылық кеңестің төрайымы болып, Әдиева Дина Темірханқызы сайланған. Қамқоршылық кеңестің сыныптар бойынша төрайымдарының саны-32. Мектептің қамқоршылық кеңесінің ат салысуымен мектепте түрлі іс-шаралар, мерекелер, жиналыстар, сенбіліктер, даулы жағдаяттарды шешулер, көшеттер отырғызу, мәдени саяхаттар өткізіліп, дарынды балаларға қолдау көрсетіледі. Сонымен катар мектептің материалдық-техникалық базасы да нығаяды. Жыл сайын осындай жұмыстардың арқасында мектеп өсіп, гүлденіп, жетіліп, дамып келеді. Мұғалімдер ұжымы да, ата-аналар қоғамдастығы да өз істерінің жемісін көре отырып, әрі қарай да бірлесіп, серіктесіп әрекет етуге ынталары арта түсуде.
Мектепте 32 сынып жетекшілері жұмыс атқарады. Оның ішінде: шебер-1, зерттеуші-12, сарапшы-8, модератор-10, санаты жоқ-0 мұғалім бар.
Тәрбие жұмысы Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыруға бағытталған тәрбие жұмысының 2023-2024 оқу жылдарына қойылған мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижесі негізінде жұмыстар атқарды. «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі кешенді жоспардың жүзеге асырылуы Тәрбие құндылықтары: Ұлттық мүдде, Ар-Ұят, Талап бойынша іске асырылды
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу, ата-ананың өсиетіне мойынсұнуға, отбасының достығы мен әл-ауқатына құрметпен қарауға, ұлттық мұраны құрметтеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, достыққа, келісімге, елдің ынтымақтастығы мен бірлігіне, патриотизм мен мемлекеттілікке тәрбиелеуге қамтыды. ҚР мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау бойынша жұмыстар атқарылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері турлы ҚР 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық Заңына сәйкес №15 мектеп - гимназиясында 2023-2024 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарына сәйкес ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің орналасу Ережесінің орындалуы бақылауға алынды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу жұмыстары ұйымдастырылды.
Тұлғаның жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді кешенді жүзеге асыру үшін мектебімізде 1-11 сыныптар аралығында 27 үйірме жүргізілді. Үйірмені жүргізетін мұғалімдер саны – 34. Үйірме сағаттарының саны - 107. Үйірме жоспарлары оқу жылы басында бекітілген ақылы түрде қосымша білім беру курстары мен пән мұғалімдерінің үйірмелері жұмыс жасады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жоспар негізінде жұмыс ұйымдастырылды.
«Ең үздік кітапхана» бағытында 2023-2024 оқу жылында мектеп кітапхана қоры толықтырылды, кітапхананың оқу залында 12 нетбук және электронды оқулықтар, мектеп дәлізінде «Оқуға құштар мектеп» жобасына арналған бұрыш, түрлі үлгідегі оқырмандардың өз қиялдарынан туған кітапшалар мен кітап мұқабаларын қабырға стенді безендіріліп ілінген.
Әр бейсенбі күні үлкен үзілісте әдеби минуттарда «Оқуға құштар мектеп» атты жоба барысында оқушылардың көркем кітап оқуы дәстүрге айналған. «20 минуттық кітап оқу» акциясы аңыз әңгімелер, Жамбыл Жабаев өлеңдері, Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл, педагогтар үшін іс-шаралар циклін өткізу, шебер-сыныптар, «ашық кітаптар», “Кітап әлемі-жаңа ғасырда» атты іс- шаралары ұйымдастырылды.
Кітап адам руханиятының дамуына, дүниетанымының қалыптасуына, ойлау қазынасының кеңейуіне ықпал ететін ақпараттық құрал. Ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші. Білімнің кітап арқылы берілетіні, адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіруге бағытталған кітапхана жұмысы кәсіби деңгейде жүргізілді.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына жыл бойы 24 сағат өткізілді. Жаңа форматтағы ата-аналар жиналыстарының жұмысы ұйымдастырылды. «Сен жанбасасаң лапылдап?», «Ақыл айтпа, жол көрсет», «Құмар ойындары- тәуелділік қақпаны», «Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады?» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларының ата- аналарына коучинг, семинар, кездесулер өткізілді. Ата- аналар тарапынан қойылған сұрақтарға мектеп директоры, сынып жетекшілері мен мектеп психологтары нақты дәлелдермен жауап беріп, ата- аналар мен мектеп бірлесе жұмыс атқарғанда ғана бала тәрбиесіндегі олқылықтардың орын алмайтынын жеткізді.
«Даналық мектебі» клубының жұмысы «Әжемнің аялы алақаны», «Аға қамқорлығын сезінудің маңыздылығы», «Ертегі танымның көзі», «Бабалар дәстүрі- ұрпаққа өсиет», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер», «Ана көрген тон пішер», «Қыз ғұмырдың құпиялары» тақырыптарын қамтыды.
Білім алушылардаң қызығушылығы мен қажеттілігіне сай білім беру ұйымдарында іске асырылған әлеуметтік тәжірибелер мен жобалардың жүргізілу саны-10 болды.
Олар:
1. «Оқуға құштар мектеп жобасы,
2. «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы
3. «Тарихқа құрмет» жобасы
4. «Спорт және мен» жобасы
5. «Эковолонтерлер» жобасы
6. «Қол өнер» жобасы
7.«Парасатты аналар»
8. «Әкелер»
9. «Психологиялық әл- ауқат және стресске төзімділік»
10. «Gimnasyum- digital»
Мектепте 380 білім алушылар осы жобаларды орындауға тартылды.
Тәрбие бағдарламасы бойынша «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы орындалды.
1. Сергіту сәті» республикалық челленджі
2. «Әнұран орындау» республикалық челленджі
3. «Асық ату» республикалық челленджі
4. «Шығарма жазу, «Болашаққа хат» республикалық челленджі
5. «Қазақ есебі» республикалық челленджі
6.«Оқуға құштар мектеп» республикалық челленджі
7 .«Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай» күйлері» «Домбырашылар» республикалық челленджі
8. 7-11 сыныптар «Шахмат ойнау» республикалық челленджі
9. «Жасыл мекен» республикалық челленджі өткізілді.
Өзін –өзі басқару ұйымының жұмысы бойынша 8 оқушы «Мектеп парламенті» фракциясының мүшелігіне қабылданды.
Туған өлкенің көрікті және тарихи жерлеріне саяхат жасау бойынша жыл бойында жұмыстар жұргізілді. Музей сабақтары өткізілді.Тараз қалалық білім мен кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерінің ұйымдастыруымен 15 мамыр 2024 жылы экскурсия жасалынды. Оған әлеуметтік осал топтағы қамтылған 16 оқушы саяхаттап келді. 2 мамыр 2024 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының «Тараз- туризм» туристік ақпараттық орталығының Тараз қаласындағы туристік обьектілері бойынша «Тараз сити- тоур» атты тегін экскурсиялық турына, тарихи- мәдени көрікті жерлеріне 45 оқушы саяхаттап қайтты.
Республикалық жастар орталығының ұйымдастыруымен өткен би байқауының «Бас жүлде иегері 4а сынып оқушысы Кокбасунова Амина. 6в сынып оқушысы Ерлан Ернияз волейболдан 2 орын иегері, Сейтмаханов Ерасыл футбол жарысынан 2 орын иегері атанды. 10а сынып оқушысы Райымбек Айсана гандболдан жүлдегер атанса, Тоқтағұлова Аяна қалалық «Ұлттық мектеп лигасында» 3 орын иеленді. 10а сынып оқушысы Сейдазим Алихан Тараз қалалық жас боксшылар жарысында жүлделі 1 орын иеленді. Информатика пәнінен қалалық олимпиадада Зияда Аружан 3 орынменмарапатталынды. Шымкент қаласында өткізілген «Жас дәурен» конкурсынан Зиилда Аружан «Бас жүлде» иеленді. «Тәуелсіздік тірегім» атты жас қалалық суретшілердің байқауында 2 орын жүлдегері Сайлаубек Алина марапат алды. Жамбыл облыстық шахматтан өткізілген кубогынан Тлепова Алина 1 орын иеленді. 3б сынып оқушысы Унгарбек Алтынай Астана қаласында өткен «Шашу» республикалық өнер фестивалінде жеңімпаз атанды. Республикалық хореографиялық «Жас таланттар» байқауының жүлдегері 4а сынып оқушысы Батырхан Айман 2 орын иеленді. 4а сынып оқушысы Тенелбай Бахтияр Республикалық акробатикалық ойындар байқауынан жүлделі 2 орын иеленді. 6а сынып оқушылары Асембек Нұрайдын тоғызқұмалақтан «Ұлттық лигада» 2 орын , Болатбек Арнұр қалалық футбол жарысынан жүлдегер , Орақ Насыр қалалық волейбол турнирінде 2 орын иеленді. Оқушылардың байқауларда иеленген жүлделі орындары шығармашылық, аспаптық, қолөнер, техникалық, тарихи-өлкетану, компьтерлік, гуманитарлық, бағыттар бойынша белгіленді
1. Халықаралық-1,
2. Республикалық- 34
3. Облыстық- 15
4. Қалалық-11
Қорыта келе, түрлі байқаулар мен сайыстардан жинаған мадақтамалардың саны артып, көрсеткіш нәтижесінде жоғары ұпайға жетті. Педагогикалық ұжым келесі 2024-2025 оқу жылында жұмысын жандандыруға, дамытуға бағыттайды.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – мұғалім құзіретіндегі игі іс екендігі ұстаздарға белгілі. Ұстаздардың алдына оқушылардың сапалы білім алуына оңтайлы жағдай жасау және рухани бай, физикалық және адамгершілік тұрғыдан жетілген, өзін-өзі дамытуға, тәрбиелеуге, іс-жүзінде танытуға және анықтауға қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отыр. Осыған орай, жас ұрпақты «Бәсекеге қабілетті тұлға» етіп қалыптастыру қазіргі кезеңде ұстаздардың алдындағы үлкен міндет. Оны жүзеге асыруда ұстаздарымыз барлық технологияларды жетік меңгеріп, жүйелі жұмыстар атқаратынына сенімім мол.
Қазіргі заман талабына сай білім мен тәрбие беруде шығармашылықпен жұмыс істеп, біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА №15 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ҰЖЫМЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТУДЫ НЕГІЗГЕ АЛА ОТЫРЫП, ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР ҚОЯДЫ.

- Ата-ананың өсиетіне мойынсұнуға, отбасының достығы мен әл ауқатына құрметпен қарауға, туу қарызын өтеуге тәрбиелеу.
- Ұлттық мұраны құрметтеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, достыққа, келісімге, елдің ынтымақтастығы мен бірлігіне, патриотизм мен мемлекеттілікке тәрбиелеу.
- Оқушыларды жан-жақты зерттей отырып, балалардың дарындылығын, рухани байлығын дамыту.
- Қазақстан Рәміздерін дұрыс жаттау, орындау мәселелеріне көп көңіл бөлу.
- Мәдени мұра мен рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
- Дарынды балалардың қабілетін дамыту барысында спортпен, шығармашылықпен айналысатын оқушыларға жан-жақты барлық мүмкіндіктер жасап, жағдай туғызу.
- Ата-аналармен бала тәрбиесіндегі іс-шараларға байланысты жұмыс түрін бірлесе отырып жүргізуді жандандыру.
- Денсаулықты құрметтеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ой тазалығы мен эмоционалды тұрақтылыққа тәрбиелеу.
- Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыпты қарауға және табиғи ресурстарды ұқыпты және тиімді пайдалануға және еңбекқорлыққа баулуға тәрбиелеу.
- Білім сапасын арттыру міндеттерін қояды.