14
апрель
2020
Ел болашағы үшін, біз біргеміз!!!

Әлемді жайлаған COVID-19 пандемиясы адамзатты, өмірдің көптеген салаларын өзгертуге және оларды қысқа мерзімде жаңа ахуалға бейімдеуге мәжбүрледі. Бұл білім саласын да айналып өтпеді. Ұстаз атаулы білім беру жүйесіне нұқсан келтірмей жедел, жинақы әрекет ету қажеттілігін бірден қолға алды, өйткені білім алу құқығы адамның негізгі құқықтарының бірі екенін жүрекпен сезді, өздерінің басты міндетіне санады...
Ешкім, әсіресе ұлттың болашағы саналатын жас ұрпақ жаңа білім мен дағдысыз қалмауы керек. Осыған орай, қашықтан оқыту мұғалімдер үшін де, білім алушылар үшін де оң шешім болды. Қандай өзгеріске де жылдам бейімделетін ұстаздар қауымында іштей толқыныс болғанымен, оқушы алдында міндеттері барлық күмәнді еңсеріп тастады... Иә, бірден іске көштік те кеттік...
Білім саласының қашықтан оқыту форматына көшуі кезінде еліміздің бас ұстазы Асхат Аймағамбетовтің және барлық білім басқармалары мен мектеп басшыларының жұмысты сауатты ұйымдастыруы мен қолдаулары бар ұстазды қанаттандырды! Ал, жүрексіне бастаған алғашқы сабақтардағы оқушылардың ыстық ықыласы, кері байланыстағы шынайылылық, ата-аналар тарапынан айтылған алғыстар легі жұмысты жігерлене жалғастыруға жетеледі. Қашықтан оқыту-әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізудің мүмкіндігі зор екенін дәлелдеді. Мұғалімнің бағыттауымен оқушылардың өз бетінше білім алу, ақпарат жүйелерін ұтымды пайдалана алу дағдыларының қалыптасқанына көз жеткіздік. Бұл өзгеріс ұстаздар үшін де көп құндылықты дәріптеуді үйретті. Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктіре алатын болса, алынбайтын қамалдың жоқтығы білінді. Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі екеніне бар жұртшылықты көзі жетті деп ойлаймын. Елдің басына келген мына нәубетте ұстаз болғанымды мақтан етемін! Білім саласында бар әріптестеріме " Сабыр мен төзімді ту етіп, ел болашағы үшін аянбай еңбек етейік"- деп үндеу айтқым келеді!!!
Менлибаева Индира Джанибековна
Тараз қаласы, №15 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
#педагог күнделігі
#біз біргеміз
#қашықтан оқыту