10
декабрь
2022
Жасөспірімдер арасында қылмыстық құқықтық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында дәріс


Дәрістің мақсаты білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру.
9-11 сынып қыздары арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында
кездесу өткізілді. Кездесу барысында ерте жүктіліктің алдын алу, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен
жауапкершілік екенін түсіндіріп өтті.