Іс-шаралар » Страница 7 » Школа Гимазия №15
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
Білімім - Отаныма
24
май
2024
Білімім - Отаныма
№15 мектеп-гимназиясында "Білімім - Отаныма" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары әнұран айтумен басталды. Білім министрінің оқушыларға арналған құттықтау тілегі тыңдалынды. Жыл бойы алған жетістіктері марапатталынды. Патриоттық бағытта түсініктер берілді.
Аналар күні
15
май
2024
Аналар күні
№15 мектеп-гимназиясында 12 мамыр күні «Аналар күні» мерекесіне арналған сынып сағаты 10 «А» сыныбында өткізілді. Сынып жетекшісі Т. Құрбанова білім алушыларға аналар тақырыбында кеңінен түсінік берді. Жастардың анаға деген махаббатын ояту, рухани дүниелеріне эстетикалық адамгершілік қасиет дарыту мақсатында оқушылардың ой-пікірлері ортаға салынды.
Рәмізтанушы қаламгер
15
май
2024
Рәмізтанушы қаламгер
№15 мектеп-гимназиясында "Рәмізтанушы қаламгер" тақырыбында танымдық сағаттары өткізілді. Білім алушыларға рәміздердің шығу тарихы туралы ақпараттар берілді.
Шәкен Оңалсынұлы Ниязбековтың өмір жолы және шығармашылығы
15
май
2024
Шәкен Оңалсынұлы Ниязбековтың өмір жолы және шығармашылығы
Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, Мемлекеттік Тудың авторы "Шәкен Оңалсынұлы Ниязбековтың өмір жолы және шығармашылығы" дәріс сабағы №15 мектеп-гимназиясында өткізілді.
Жолда  жүру қауіпсіздігі
15
май
2024
Жолда жүру қауіпсіздігі
№15 мектеп-гимназиясында 15.05 күні "Жолда жүру қауіпсіздігі" туралы ақпараттар беру мақсатында Тараз қалалық БПП полиция лейтенанты А. Рысмұханбет пен аға лейтенант Д. Омаров келіп түсінік жұмыстарын жүргізді. Білім алушыларға жазғы маусымның басталуына байланысты жолда, жаяу жүргінші жолақтарында, көшеде жүру қауіпсіздігі туралы толық мәліметтер берілді.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды
04
май
2024
Ерлік ешқашан ұмытылмайды
"Ерлік ешқашан ұмытылмайды" тақырыбымен №15 мектеп-гимназиясында 5 «Б» сыныбының жетекшісі Л. Сериеваның ұйымдастыруымен ерлік сабағы өткізілді. Қазақтың қайсар ұл-қыздарының қайталанбас ерлік істері туралы түсініктер берілді.
Үйірменің үйретері көп
04
май
2024
Үйірменің үйретері көп
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай, еліміздің дамыған елдерімен қатар тұруы және ұлтымыздың болашағы үшін зерделі, білімді, өз бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамда өз орны болатын шәкірттерді дайындау ұстаздарымыздың басты міндеті. №15 мектеп-гимназиясында "Үйірменің үйретері көп" тақырыбымен үйірмеден үйренген шеберліктерін, білімі мен еңбектерін көрсетуге арналған үйірме айлығының жабылу кеші өткізілді.
1 Мамыр - Бірлік пен жасампаздық мерекесі
03
май
2024
1 Мамыр - Бірлік пен жасампаздық мерекесі
"1 Мамыр - Бірлік пен жасампаздық мерекесі" тақырыбында №15 мектеп- гимназиясында білім алушылар диктант пен эссе жазды. Оқушылардың бірлік, ынтымақ туралы түсініктері анықталды.
1-мамыр - Бірлік күні!
29
апрель
2024
1-мамыр - Бірлік күні!
"1-мамыр - Бірлік күні" - бұл бірлік, достық және өзара түсіністікті нығайтуға арналған мереке. Әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін құрметтеп, достығын нығайту күні. №15 мектеп-гимназиясының оқушылары да мерекеге арналған құттықтауларын жыр жолдарымен, игі тілектерімен жеткізді.
Таза Қазақстан
29
апрель
2024
Таза Қазақстан
"Жасыл Қазақстан" - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген ұлттық жоба. Осы арқылы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартып, халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру көзделген. №15 мектеп-гимназиясының оқушылары да мектеп ауласындағы ағаштарды күтіп баптау жұмыстарына қатысты. "Таза Қазақстан" атмосфералық ауаның ластануын азайтуды көздейтін жоба. Қоршаған ортаны таза ұстау, әрбір қазақстандықтың міндеті екенін басты назарда ұстайық!