Іс-шаралар » Страница 8 » Школа Гимазия №15
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бала бақытты болуы үшін не істеуі керек?
05
март
2024
Бала бақытты болуы үшін не істеуі керек?
Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. №15 мектеп-гимназиясында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа қалалық ата-аналар комитетінің төрайымы Рысбаева Ғалия Орынбайқызы, қала мектептерінің ата-аналар комитетінен қонақтар келіп қатысты. "Бала бақытты болуы үшін не істеуі керек?" тақырыбында ата-аналарға түсінік беріліп, ой-пікірлері, ұсыныстары тыңдалынды. Мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы С.Кадирова баяндама оқып, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
1-наурыз - Алғыс айту күні
01
март
2024
1-наурыз - Алғыс айту күні
№15 мектеп-гимназиясында Алғыс айту күніне арналған музыкалық кеш өткізілді. Кеште білім алушылар өздерінің алғыстарын ән-күймен, жыр жолдарымен жеткізіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен жылулық сыйлады.
1-наурыз - Алғыс айту күні
01
март
2024
1-наурыз - Алғыс айту күні
Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке - Алғыс айту күні құтты болсын! №15 мектеп-гимазиясының бастауыш сынып оқушылары да алғыс айту күніне арналған құттықтауларын арнады. Алғыс айтып, айналамызды қуантуға тырысайық, ағайын!
Әкенің берген тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды
27
февраль
2024
Әкенің берген тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды
№15 мектеп-гимназиясында "Әке мен бала" жобасы аясында әкенің балаға беретін тәлім-тәрбиесіне арналған жұмыстар да жүргізілуде. «Әкенің берген тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды», - деген сөз осындай үлгілі әкелерге арналғандай. Ендеше, әкелердің бала тәрбиесіне көңіл бөліп, ұлттық құндылықтарымызды арттыруға септігін тигізіп жатқаны көңіл қуантады.
1-наурыз - Алғыс айту күні
27
февраль
2024
1-наурыз - Алғыс айту күні
Алғыс айта білу - адам бойындағы ерекше қасиет. Бұл әр адамның бір-біріне құрмет көрсете білуі, жүректен шыққан лебізі. 1-наурыз - Алғыс айту күніне ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, мақтаныш сезімдерін ұялату, бойларына ұлттық рухты сіңіру мақсатында №15 мектеп-гимназиясында іс-шаралар өткізілді. Білім алушылар ұстаздар мен ата-аналарына, еліне, жеріне, достарына, қоғамға деген алғыстарын жыр шумақтарымен, құттықтауларымен жеткізді.
Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл
26
февраль
2024
Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл
Қазақстанның кәсіби сурет өнерінің бастау бұлағында тұрған қылқалам шебері, аса дарынды суреткер - Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл толып отыр. №15 мектеп-гимназиясында дарынды суретшінің өнеріне, шығармашылығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Кітапханада көрме, сынып сағаттары ұйымдастырылды. Суретшінің қазақ өнеріне қосқан үлесі туралы оқушыларға түсініктер берілді.
Достық - бірлік пен ынтымақ негізі
21
февраль
2024
Достық - бірлік пен ынтымақ негізі
Адамның өмірінде достықтың алатын орны туралы ұғымдарын кеңейту мақсатында 5 «Б» сыныбының жетекшісі Сериева Лаура "Сыныптас дос" тақырыбында сынып тәрбие сағатын өткізді. Сенімді және адал достық туралы түсініктер берілді.
Ерлік істері ұрпаққа өнеге
21
февраль
2024
Ерлік істері ұрпаққа өнеге
Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында "Ерлік істері ұрпаққа өнеге" тақырыбында мектебімізде кездесу кеші өткізілді. Ауған соғысында батылдық пен ерліктің үлгісін көрсеткен, қаhарман жерлестеріміз Ізбасаров Керім Маханбетұлы мен Төртбаев Марат Асылбекұлы оқушыларға өздерінің өмір жолдары туралы әңгімелеп берді. Білім алушылар кеш қонақтарына арнаған жырларын
Тұлғаның бойындағы шығармашылықты дамыту
21
февраль
2024
Тұлғаның бойындағы шығармашылықты дамыту
№15 мектеп-гимназиясында 8 «Ә» сынып жетекшісі Атенова Гүлжанның ұйымдастыруымен ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағы өткізілді. "Бұлақ көрсең көзін аш" тұлғаның бойындағы шығармашылықты дамыту тақырыбында ата-аналармен ой бөлісілді. Сабақ барысында ата-аналарға талқылау сұрақтары беріліп, ата-аналар пікірлері тыңдалды.
Тұлғаның бойындағы шығармашылықты дамыту
21
февраль
2024
Тұлғаның бойындағы шығармашылықты дамыту
Баланың бас ұстазы ата-ана. №15 мектеп-гимназиясында 8 «Б» сынып жетекшісі Аман Жанбөпенің ұйымдастыруымен ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағы өткізілді. "Бұлақ көрсең көзін аш" тұлғаның бойындағы шығармашылықты дамыту тақырыбында ата-аналармен ой бөлісілді. Сабақ барысында ата-аналарға талқылау сұрақтары беріліп, ата-аналар пікірлері тыңдалды. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарағанда ғана тұлға болып қалыптасады.