Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің жетістіктері » Школа Гимазия №15
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің жетістіктері
04
февраль
2018

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің жетістіктері

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің жетістіктері

Бірлестікте барлығы 6 мұғалім бар.Олар:

1.Байдуанова А.Б. Санаты – жоғары.

2.Бекежанова Г.А. Санаты –жоғары.

3.Орманова Н.А. Санаты – бірінші

4.Ережепова Г.Б. Санаты – бірінші.

5. Алимжанова Ж.Б.Санаты – бірінші.

6. Серкебаева А.Р. Санаты – жоқ.

 

1.Байдуанова А.Б. - бірлестік жетекшісі. Жетістіктері:

2016-2017 оқу жылында оқушысы Исхакова Құралай қалалық «Ыбырай оқуы» ІІІ орын, А.Әшімовтың 80 жасқа толуына байланысты мақала жазу қалалық байқауында ІІ орын иеленді. Оқушысы Мұхаметілда Дана «Үздік ғылыми жоба - 2017» байқауының жеңімпазы аталып, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ оқу төлемақысына 100% жеңілдік сертификатын алды. Байдуанова А.Б. «Менің инновациялық сабағым» атты І Халықаралық оқытушылар сайысында «Ізденген жетер мұратқа» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленсе, Республикалық «Аналар -асыл жандар» және «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты жасөспірімдер мен балалар шығармашылық байқауына сіңірген еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды. «Үздік ғылыми жоба-2017» байқауына оқушыларды дайындағаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2017-2018 оқу жылында «Тәуелсіздік-тәтті ұғым таңдайдағы» атты қалалық мәнерлеп оқу байқауында оқушысы Мұхаметілда Дінмұхамет ІІ орын иеленді.

 

2.Бекежанова Г.А. Жетістіктері:

2016-2017 оқу жылында қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәндер олемпиадасында оқушысы Мұхаметілда Дана ІІІ орын иеленді. «Біз бақытты баламыз!» республикалық байқауда үздік өнер көрсеткені үшін оқушысы Есболған Дамир құрмет грамотасымен марапаталды.

 

3. Орманова Н.А. Жетістіктері:

2016-2017 оқу жылында Республикалық «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» , «Өнерге қанат қаққандар» атты балалар мен жасөспірімдер байқауларда «Көсем сөз» номинациясы бойынша Есболған Дамир І,ІІ орын иеленсе, Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауы «Көсем сөз» номинациясы бойынша Есболған Дамир бас жүлде иеленді.

Орманова Н.А. Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауына оқушылар дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталса, «Үздік заманауи сабақ» атты халықаралық дәрежеде өткізілген Республикалық шығармашылық конкурстарға қатысқаны үшін сертификат беріліп, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына орай «Есіңе мені алғайсың...» атты мәнерлеп оқу кешінің өтуіне ат салысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Қазақстан Республикасы Тәулсіздігінің 25 жылдығына арналған фестивальді өткізуге қосқан жеке үлесі үшін оқушысы Есболған Д. алғыс хатпен марапаталса, ІХ Респубикалық «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаев өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауында Есболған Д. ІІ дәрежелі дипломиеленді. А.Әшімовтың 80 жасқа толуына байланысты мақала жазу байқауында ІІІ орынды Құттыбай А. иеленсе, «Дарын» республикалық қашықтық пәндік олимпиадасында «қазақ тілі» пәнінен І орын иеленді. ХІІ халықаралық қазақ тілі пәндер олимпиадасында Файзрахман Т. І деңгейлі дипломмен марапатталды.

2017-2018 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасында оқушысы Мадиярбек Нұрай ІІІ орын иеленді.

4. Ережепова Г.Б. Жетістіктері: 

2016-2017 оқу жылында 10 «А» сынып оқушысы Тәттібаев Әділет қалалық «Ыбырай оқуында» I орын, 10-сынып оқушысы Қадірбек Назерке Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында өткізілген облыстық жас қаламгерлер байқауында II орынды, А.Әшімовтың 80 жасқа толуына байланысты мақала жазу байқауында I орынды иеленді. 2016-2017 оқу жылында «Үздік заманауи сабақ» атты халықаралық дәрежеде өткізілетін республикалық шығармашылық конкурстарға қатысып, сертификатпен және I дәрежелі дипломмен марапатталды. «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Қазақ тілі» пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткіш көрсетіп, I дәрежелі дипломмен марапатталды. «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында өткізілген облыстық жас қаламгерлер байқауының жүлдегерін дайындағаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

2017-2018 оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының бірінші кезеңінде (қалалық) әдебиет секциясы бойынша 1-орынды иеленген 11 «А» сынып оқушысы Қадырбек Назерке марапатталды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізілген қалалық, облыстық «II Шерхан оқулары» байқауларда жазушы шығармашылығын ғылыми тұрғыда талдап, теорилық тұжырымдар дәйектеуде Қадырбек Назерке I орынды иеленді, бас жүлде ректор грантының иегері атанды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізілген облыстық «II Шерхан оқулары» байқауында өскелең ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық руханияттың жанашыры ретінде ерекше белсенділік көрсеткені үшін жетекшісі Ережепова Г.Б. алғыс хатпен марапатталды. Республикалық «Эрудит» ғылыми жобалар байқауында 11 «А» сынып оқушысы Қадырбек Назерке 2- орынды иеленді.



5. Алимжанова Ж.Б. Жетістіктері:2016-2017 оқу жылында оқушысы Қожахметов Магамед VІІІ қалалық «Махамбет оқулары» байқауында ІІІ орынды иеленсе, Республикалық «Аналар -асыл жандар» атты балалар мен жасөспірімдер байқауы «Көсем сөз» номинациясы бойынша Сүйінбай Гүлнұр І орын және Аманжолова Ғазиза ІІ орын иеленді. «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Менің отбасым» атты шығарма байқауында Мұхтар Аружан ІІІ орын алды. 2016-2017 оқу жылында «Ұлағатты ұстаз» Республикалық оқытушылар сайысында «Менің үздік сабағым» бағытында І орынды иеленсе, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесімен мектеп, қала деңгейінде өткізген іс-шараға белсене ат салысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. «Дарын» республикалық қашықтық пәндік олимпиадасына оқушыларды дайындағаны үшін жәнеРеспубликалық «Аналар -асыл жандар» атты жасөспірімдер мен балалар шығармашылық байқауына сіңірген еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив