09
ноябрь
2023
Мектепте оқушылардың тамақтан улануды алдын алу шаралары


09.11.2023 жылы мектеп оқушыларымен мектеп қабырғасында дұрыс тамақтану ережелері мен астан улану жағдайын алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп аспазшыларымен бірге тыйым салынған өнімдермен тағы 1 мәрте таныстырылып шықты. Сонымен қатар улану жағдайы орын алғанда қандай профилактикалық шаралар қолдану керек сынды ой-пікірлермен алмастық.
Оқушылар арасында да тыйым саланған өнімдерді тәтті торттар мен пицца,суши сынды тағамдарды пайдалануға болмайтындығы жөнінде ескертілді. Және улану дегеніміз не, оның белгілеріне тоқталып өттік.
Уланудың белгілері қандай?
Тамақтан улану аз уақыттың ішінде болады. Бұл ауру кезінде науқастың бойында мынадай белгілер болады:- жүрек айну, құсу;
- диарея (іш өту);
- асқазан немесе ішек ауруы;
- әлсіздік, ұйқы қашу;
- бас ауруы.
Тамақтан уланудың алдын-алу үшін:
Ағзада уланудың алдын алу үшін мына сақтандыру шараларын сақтаған дұрыс.- тамақ жасар алдында және шикі ет немесе тауықты ұстаған соң қолыңызды сабындап жуыңыз;
- көкөністер мен жемістерді мұқият жуыңыз;
- шикі етті турап болған соң, тақтай мен басқа да аспаптарды жуыңыз;
- тамақ жасар алдында мұздалған тауықты жақсылап ерітіңіз. Егер мүмкіндік болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, суық бактериялардың көбеюінің алдын алады;
- ет және балық өнімдерін жақсылап қуырыңыз;
- ет, тауық және балықты қуырмас бұрын бір ыдысқа салмаңыз;
- тағамдарды тарақан, маса және тышқандардан қорғау үшін бетін әрдайым жауып жүріңіз;
- буфет, асханаларда тамақтанғанда абай болыңыз;
- тамақ қалдығын тоңазытқышта сақтаңыз, ал пикникке апаратын тағамдарды арнайы ыдыстарға салыңыз;
- шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз.