Тамақтану сапасын бақылау бойынша бракераждық комиссия тобының тексеру жұмыстарының актсі ҚАЗАН АЙЫ
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы Тыныстан Мунира Бахтиярқызы сөз алды: қазіргі уақытта №15 мектеп-гимназиясы 414 оқушы тамақтанады.Бастауыш сынып бойынша 317 оқушы ,5-11 сынып аралығында 99 оқушы тамақтанады тегін ыстық тамақпен қамтылады.
Оқушыларға берілетін тағамдар сапасы мөлшерге сай ас мәзірі бойынша үнемі өзгеріп отырады. Буфеттегі тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады.Оқушылар асханаға арнайы тамақтану кестесі бойынша барады. Мектеп оқушылары тамақ ішу кезінде гигиеналық-санитарлық тазалықты әрқашанда сақтап отырады. Апта сайын «Аллана және Д» ЖШС жасап келетін ас мәзірін әлеуметтік педагог Тыныстан М.Б және мектеп медбикесі Л.А.Шаужанова алдын ала қол қойып, тексерістен өткізіп отырады. Тамақтану кестесі бойынша сынып жетекшілер оқушылармен бірге барып, олардың дұрыс тамақтануын қадағалайды.Мектеп оқушылары тамақ ішу кезінде гигиеналық-санитарлық тазалықты әрқашанда сақтап отырады. Тамақтану кестесі бойынша сынып жетекшілер оқушылармен бірге барып, олардың дұрыс тамақтануын қадағалайды.