№15 мектеп-гимназиясының 2023-2024 оқу жылындағы бракераждық комиссия отырысының №5 ХАТТАМАСЫ » Школа Гимазия №15
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №15 мектеп-гимназиясының 2023-2024 оқу жылындағы бракераждық комиссия отырысының №5 ХАТТАМАСЫ
15
январь
2024

№15 мектеп-гимназиясының 2023-2024 оқу жылындағы бракераждық комиссия отырысының №5 ХАТТАМАСЫ

№15 мектеп-гимназиясының 2023-2024 оқу жылындағы  бракераждық комиссия отырысының
 
№5 ХАТТАМАСЫ


Мектеп  асханасында тамақтануды  ұйымдастыру мақсатында және мектеп оқушыларының 2023-2024 оқу жылындағы ыстық тамақпен қамтылуы, тамақтандырудың сапасы, мөлшері, бағасы және асхананың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын тексеру мақсатында  мектеп директорының 2023 жыл 1 қыркүйектің №931 т3 бұйрығы негізінде мектептегі бракераж комиссиясы мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізді.


     Тексеру жүргізгендер: 

Комиссия төрайымы: Булекбаева Р.Б. – мектеп директоры

Комиссия мүшелері:

1.ДТІЖО                                                               М.Т.Берикова 

2.Қамқоршы кеңесінің төрайымы                     С.А.Кадирова

3. Ата-ана комитетінің мүшелері                       Ж.Н.Шайсламова  (келісімі бойынша)

4.Ата-ана комитетінің мүшелері                         Г.Б.Тасқараева  (келісімі бойынша)

5.Ата-ана комитетінің мүшелері                         А.Б.Амантаева  (келісімі бойынша)                                                                                  

      6.Мектеп медбикесі                                               Л.Е.Шаужанова 

      7.Әлеуметтік педагог                                             М.Б.Тыныстан

      8. ДШІЖО                                                               П.С.Сүлейменова


Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:

1.Ыстық тамақтың сапасын бекітілген ас мәзіріне сай болуын қадағалау.

2.Тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындаудың, сатудың болмауы.


Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу бойынша тексеру қорытындысы: Бұйрық бойынша мектеп асханасында ыстық тамақпен қамту жұмыстары ұйымдастырылып, асхана жұмысын бақылау жауапкершілігі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ДТІЖО М.Т.Берикова  және әлеуметтік  педагог М.Б.Тыныстанға жүктелді, оқушыларды ыстық тамақпен және буфеттік тағаммен қамтуды ұлғайтуға шаралар қарастырылып, асханада ол үшін қажетті жағдай жасалды, мектеп асханасының көрінетін жерінде дұрыс тамақтану бұрышы ұйымдастырылып, әрбір ата-ана үшін «Бақылау тағамы» қойылды, жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры есебінен тамақтанатын оқушылардың асханаға барып тамақтануның күнделікті есебі жүргізіліп отырады.Комиссия мүшелері асхана бұрышымен танысып, апталық   мәзірді  қарап шықты. Сонымен қатар менюге сәйкес 15  күнгі ас  мәзірімен танысып, сапасы мен құрамына ,мөлшеріне мән берілді. Төменде апталық мәзірге сәйкес 15 –ші қаңтар күнгі тағамдардың  салмағы, бағасы және калории  көрсетілген


                        Атауы

Салмағы

Бағасы

ККалории

1.

Май  қосылған     Достық  ботқасы

200/5

215

250

2.

Сүзбеше

50

150

110

3 .          

Ірімшік  пен май қосылған  бутерброд

10/10/35

105

8,7

4.

Тәтті шәй

200/10

30

85


500

453,7


           

 Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтарының тазалығы, азық-түлікті сақтайтын орындары, жемістер мен көкөністерді сақтайтын орындары, тамақ әзірлейтін, ыдыс-аяқ жуатын орындары, азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Ас мәзірін «Аллана және Д» ЖШС жасаған мектеп басшысымен келісілген ас мәзірі бойынша оқушылар тамақтанады. Асхананың тазалығы санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай. Асхана қызметкерлері санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтайды. Бақылау тағамы, тәуліктік сақтау нормалары сақталды. Азық-түліктің сертификаттары бар. Шикізат өнімдері дұрыс сақталады. Ай сайын қызметті жеткізушінің тамақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары бар.


Мектеп оқушылары тамақ ішу кезінде гигиеналық-санитарлық тазалықты әрқашанда сақтап отырады. Тамақтану кестесі бойынша сынып жетекшілер оқушылармен бірге барып, олардың дұрыс тамақтануын қадағалайды.Мектеп   директорының  № 931 т1  ,931 т2 бұйрықтарына сәйкес мектеп бойынша 418 оқушы тамақтанады.Бастауыш  сынып бойынша 316 оқушы ,5-11 сынып аралығында 102 оқушы тамақтанады.


Комиссия мүшелері асханаға жеткізілетін азық-түліктердің сапасына, дұрыс есептелуіне үнемі бақылау жүргізіп отырады. Күн сайын әрбір дайындалған тағамның тәуліктік сынамасы алынып, арнайы белгіленген орында тәуліктен кем емес уақыт сақталады. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған. Мектеп   қабырғасында сатуға тыйым салынған өнімдердің бірқатар тізімі де жарияланған болатын. Соған сәйкес артық өнімдер сатылмайды.

Мектеп оқушылары «Аллана және Д» ЖШС жасаған мектеп басшысымен келісілген ас мәзірі бойынша тамақтанады. Мәзір бойынша ас мәзірі бір күнде және келесі екі үш күнтізбелік күнде қайталауға жол бермейді. Мектеп асханасында тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарының сақталуын комиссия мүшелері қадағалап отырады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив