Іс-шаралар » Страница 10 » Школа Гимазия №15
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№15 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 272-10-87
Есепші бөлімі:
+7(707) 272-10-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
Рәміздерім - ар ожданым
31
январь
2024
Рәміздерім - ар ожданым
Рәміздер - рухымыз, ар ожданымыз. Сол алтын тұғырымызды жас ұрпақтың санасына сіңіріп, ойына ұялату мақсатында №15 мектеп-гимназиясында "Рәміздерім - ар ожданым" тақырыбында 5 «Б» сыныбының жетекшісі Сериева Лаура тәрбие сағатын өткізді. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін білдіретін белгілермен оқушылар тереңірек танысты.
Достық қолын ұсын
26
январь
2024
Достық қолын ұсын
Елімізде "ДОСБОЛlKE": "ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" республикалық акциясы басталды. Мектеп білім алушыларына "Татулық- достық кілті" тақырыбында мектеп тәлімгері С. Пашралиеваның ұйымдастыруымен өзін - өзі басқару ұйымының мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар бір-біріне жылы лебізін айтып, достық туралы өз пікірлерін білдірді.
Қазақ есебі
26
январь
2024
Қазақ есебі
Математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жаттықтыруға ықпал етеді. №15 мектеп-гимназиясында "Қазақ есебі" республикалық челленджі өткізілді. Математик А.Жұмаділдаевтың ұсынған есептері шығарылды. Математика пәнінің ұстаздарының ұйымдастыруымен, білім алушылар математикалық есептерді шешу арқылы ойлануға, модельдеуге, болжауға, нақты шешімдерді шығаруға дағдыланды.
ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН
26
январь
2024
ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН
Елімізде "ДОСБОЛlKE": "ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" республикалық акциясы басталды. Мектеп білім алушыларына "Спорттық достық" тақырыбында денешынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен шахматтан және эстафеталық ойындардан жарыс өткізілді. Оқушылар арасында достық, жағымды қарым-қатынас орнатылды.
Тарихқа құрмет
23
январь
2024
Тарихқа құрмет
№15 мектеп-гимназиясында "Тарихқа құрмет" жобасы аясында 4 «Ә» сыныбының жетекшісі Мадешова Назипаның ұйымдастыруымен "Төле би бабамызға - 360 жыл" тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар тарихқа терең бойлай отырып, дана бидің өмірі мен көрегендікпен айтқан өсиеттеріне қанық болды. Төле би Әлібекұлының даналық, шешендік, тапқыр сөздері жайлы мәліметтер берілді.
Ұлттық мұраны ұлықтау
23
январь
2024
Ұлттық мұраны ұлықтау
Білім алушылардың өз ана тілін құрметтеуіне, таза сөйлеуіне, тіліміздің мәртебесін көтеруге, оқушыларды топ алдында еркін сөйлеуге үйрету мақсатымен "Ұлттық мұраны ұлықтау" тақырыбында №15 мектеп- гимназиясының 7 «Ә» сынып жетекшісі Қасқарбаева Хадишаның ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өткізілді. Тіл - халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы екені туралы түсінік берілді.
Ұлттық өнер
20
январь
2024
Ұлттық өнер
Қолөнер туындылары әсемдік пен сәндіктің үлгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман-ойының, тілек, мүддесінің нышаны. "Ұлттық өнер" тақырыбымен еңбек пәнінің мұғалімдері Ф. Сейдомарова, Ж. Бошаев, М. Тилеукулованың ұйымдастыруымен, оқушылардың қолдан жасаған қол өнер бұйымдарының көрмесі қойылды. Халқымыздың барлық ұлттық құндылығы сияқты қолөнер бұйымдары да - ұрпаққа мұра және мақтаныш.
Үздік тәлімгер
20
январь
2024
Үздік тәлімгер
Жасөспірімдер ұйымына бағыт-бағдар беріп, кәсіби деңгейін көтеру, тәлімгердің беделін арттыру, қарымын жан-жақты ашуға ықпал ету мақсатында қалалық білім беру ұйымы байқау ұйымдастырды. Қалалық "Үздік тәлімгер" байқауына қатысып, өз шығармашылық жетістіктерімен №15 мектеп-гимназиясының аға тәлімгері - Пашралиева Самал Ғанибекқызы жүлделі 3-орын иеленді. Әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз!
Ағама деген ақ тілек
20
январь
2024
Ағама деген ақ тілек
Мектебімізде "Ағалар мектебі" клубының жоспарына сай "Ағама деген ақ тілек" тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Ағаға деген құрмет пен сыйластық, үлкенді сыйлау туралы түсініктер берілді.
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
20
январь
2024
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
Жеті атасын білу тек өз абыройы, отбасы құндылығы ғана емес, ұлттың болашағына ықпал ететін қозғаушы күш. Болашақ ұрпақты халқымыздың ұлттық құндылықтырына, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу мақсатында жұмыс жүргізетін "Аталар мектебінің" басқосуында "Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер" тақырыбында кездесу өткізілді. Ата тектері туралы мағлұматтарды бойына сіңіруіне, жеті атасы туралы ойларын ортаға салуына, өз ата тектерін білуге деген оқушылар қызығушылығы