Іс-шаралар » Страница 11 » Школа Гимазия №15
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№15 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 272-10-87
Есепші бөлімі:
+7(707) 272-10-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шәкәрім жырлары - ұлттық мұра
20
январь
2024
Шәкәрім жырлары - ұлттық мұра
"Шәкәрім жырлары - ұлттық мұра" тақырыбында №15 мектеп- гимназиясында 5 «Ә» сыныбының жетекшісі Г. Құрманованың ұйымдастыруымен сынып сағаты өткізілді. Білім алушыларға Шәкәрім мұраларының бүгінгі және келешек ұрпаққа берері көп екендігі түсіндірілді. Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармашылығымен танысты.
Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады?
21
декабрь
2023
Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін
Мектептің ата-аналар қауымдастығы мен өзара іс-қимылын нығайту мақсатында кезекті "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады?" тақырыбында 7-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді.
"Даналық мектебі" клубының жоспарына сәйкес тәрбие сағаты
19
декабрь
2023
"Даналық мектебі" клубының жоспарына сәйкес тәрбие сағаты
Әже тәрбиесін үлгі ету, қазақтың салт- дәстүрі бойынша жанұядағы әже мен немере арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында "Даналық мектебі" клубының жоспарына сәйкес, №15 мектеп-гимназиясында Н. Мадешованың ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өткізілді. Білім алушыларға үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, құрметтеуге, халқымыздың салт-дәстүрінен нәр алуға түсініктер берілді.
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
15
декабрь
2023
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Тәуелсіздік - қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. №15 мектеп-гимназиясында "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Еліміз бен жеріміз айбынды, егемендігіміз еңселі, Қазақ елі, Қазақстан мәңгі, ғұмырлы болсын!
Дара тұлғаның - дара жолы
11
декабрь
2023
Дара тұлғаның - дара жолы
Қазақта Ғафу Қайырбековтей ғажап ақынды білмейтін жан кемде-кем. Ол - ақын, әнші, шешен, домбырашы, сөз зергері, редактор, баспагер. Ақын кең жүрегіне дархан даласын, тамаша табиғатын, халқының қуанышы мен жақсылығын сыйғызған жан. «Дара тұлғаның - дара жолы» тақырыбында №15 мектеп-гимназиясында ақын Ғ. Қайырбековтың 95 жылдығына арналған танымдық сағаты өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ә. Байдуанова мен Ғ. Бекжанованың ұйымдастыруымен оқушыларға дара тұлғаның өмір
Қызға қырық үйден тиым
08
декабрь
2023
Қызға қырық үйден тиым
Ұлттық тәрбиені ұлықтау мақсатында мектебімізде "Даналық мектебі" клубының іс-шара жоспарына сәйкес "Қызға қырық үйден тиым" тақырыбында ақ жаулықты аналарымызбен сырласу, кездесу іс-шарасы өткізілді. Әженің тәрбиесі ізгіліктің жарығындай бала жүрегін нұрландырып тұрады. Көпті көрген аналарымыздың өмірден алған тәжірибесі мол. Бар жылы-жұмсағын тауысып, ыстық-суығын ажыратып, бойындағы бар жылуын өз жанының бөлшегіне бөліп беруге даяр ата мен әже - кемел келешекке ақыл үлестіруші кемеңгер. Атам
Салауатты ата-ана мәдениеті
08
декабрь
2023
Салауатты ата-ана мәдениеті
"Салауатты ата-ана мәдениеті" тақырыбымен өткізілген облыстық байқауда №15 мектеп-гимназиясының Жазыбай әулеті жүлделі 1-орынды иеленді. Отбасылық құндылық пен құқықтық сауаттылық деңгейін жоғары дәрежеде жүйелі жеткізе отырып, шығармашылық ізденістерімен ерекшеленіп, ел алғысына бөленді.
Абайлаңыз балалар!
06
декабрь
2023
Абайлаңыз балалар!
Жолда жүру ережесін білу, әрбір баланың міндеті. Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстырып, көшеде жүру әдебін меңгерту мақсатында №15 мектеп-гимназиясында "Абайлаңыз балалар" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Жол белгілерін айыра білуге, жаяу жүргіншіге арналған жолақтан өтуге, жолда дұрыс жүруге түсініктер берілді. Білім алушылар жол белгілерін қалай, қай жерде дұрыс пайдалана білуді үйренді.
Ақыл айтпа, жол көрсет!
02
декабрь
2023
Ақыл айтпа, жол көрсет!
Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету мақсатында, №15 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып ата-аналарына арналған сабақ өткізілді. 2 сынып спикерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға ата-аналар белсенді қатысты. Ата-ананың міндеті - жақсы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу. "Ақыл айтпа, жол көрсет" тақырыбымен өткізілген сабақта, білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту жолдары талқыланды.
Жыр мүшәйрасы
01
декабрь
2023
Жыр мүшәйрасы
Қазақ ұлтының тарихы мен әдебиетінен ойып тұрып орын алатын даңқты тұлғалардың бірі - Алаш зиялысы, ақын, Мағжан Жұмабаев. Азаттық жолында жанын қатерге тіккен осынау парасатты перзенттің туғанына биыл 130 жыл толып отыр. №15 мектеп-гимназиясында ақынның шығармашылығына арналған "Жыр мүшәйрасы" өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г. Ережепова, А. Серкебаева, Ж. Алпысбайдың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармашылығымен жақын