Іс-шаралар » Страница 12 » Школа Гимазия №15
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№15 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 272-10-87
Есепші бөлімі:
+7(707) 272-10-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мен мамандығыммен мақтанамын
01
декабрь
2023
Мен мамандығыммен мақтанамын
Оқушылардың болашақ мамандық таңдауға байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру бағытында №15 мектеп- гимназиясында "Мен мамандығыммен мақтанамын" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп түлегі - Тұрғанбек Жеңіс Ғалымбекұлы қатысты. Бүгінгі таңда Қазақстан теміржолы Жамбыл магистралының желі бөлімшесі филиалының Жамбыл жол дистанциясының инженер-технологы қызметін атқарып жүрген түлегіміз, оқушыларға мамандық таңдауда бағыт көрсетіп, сұрақтарына жауап берді.
Бүгінгі қыз - ертеңгі ана
30
ноябрь
2023
Бүгінгі қыз - ертеңгі ана
№15 мектеп-гимназиясында 30 қараша күні "Қыз Жібек" қыздар клубының ұйымдастыруымен "Бүгінгі қыз - ертеңгі ана" тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді. Мектептегі қыз балалардың сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын, текті қыздар ортасын құру мақсатында өткізілген іс-шарада қыздарға ақыл-кеңестер берілді.
Республикалық асық ату челленджі
17
ноябрь
2023
Республикалық асық ату челленджі
Асық ойындары - қазақтың ұлттық ойындарының бірегейі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты құралы да - асық. №15 мектеп-гимназиясында 17-қараша күні республикалық асық ату челленджі өткізілді. Асық ойыны баланы мергендік пен зеректікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелейді.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл
17
ноябрь
2023
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл
Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам. Қараңғылықтың көгіне, Күн болмағанда, кім болам? №15 мектеп-гимназиясында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірімен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру мақсатында 17-қараша күні көркем-әдеби шолу, ақын өлеңдерін жатқа оқу іс-шарасы өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ғ. Бекежанова, Ж. Алпысбай, А. Серкебаева оқушыларға ақын өлеңдерінің шығу тарихын таныстырып, ақын мұраларының өміршеңдігін түсіндірді.
Теңге - мемлекет келбеті
15
ноябрь
2023
Теңге - мемлекет келбеті
Ұлттық валюта төл теңгеміздің шығу тарихымен таныстыру, ұлттық теңгемізді қастерлеуге үйрету мақсатында №15 мектеп-гимназиясында "Теңге - тәуелсіздік нышаны" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушыларға Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгенің маңызы, қолданылу аясы туралы түсініктер берілді. Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн - Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.
Математика, информатика пәндері айлығының ашылуы
06
ноябрь
2023
Математика, информатика пәндері айлығының ашылуы
06.11.23 күні Математика және информатика пәндер бірлестігінің "Математика және информатика пәндерінде оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану жолдары" тақырыбындағы айлығының ашылу салтанаты өтті.
"Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!" мерекелік кеші
25
октябрь
2023
"Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!" мерекелік кеші
Республика күнінде жүрегі қазақ деп соғатын әрбір Қазақстан азаматының кеудесін мақтаныш кернеп, еліне деген сүйіспеншілігі жүзінен байқалатын күн. №15 мектеп-гимназиясында "Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!" тақырыбында мерекелік кеш, концерт өткізілді. Оқушылар ән мен жыр шумақтарын арнап, қыздарымыз мың бұрала билеп, домбырашы шәкірттеріміз күмбірлете күй шерткен кеш тартымды өткізілді. Мерекелік кеште мектеп директоры Р.Б.Булекбаева сөз алып, ұстаздар мен оқушыларға құттықтау тілегін
Рәміздер - рухымыз, ар - ожданымыз!
24
октябрь
2023
Рәміздер - рухымыз, ар - ожданымыз!
Тәуелсіз қазақ елінің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Халқымыздың ұлттық рухын, даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. №15 мектеп-гимназиясында 24-қазан күні "Мемлекеттік әнұран - мақтанышым" тақырыбымен 1-11 сыныптарда әнұран орындау челленджі өткізілді. Туымыз тік шалқып, елтаңбамыз төрден орын алып, оң қолымызды жүрек тұсына шегелеген
"Сен жанбасаң лапылдап" семинар-тренингі
17
октябрь
2023
"Сен жанбасаң лапылдап" семинар-тренингі
№15 мектеп-гимназиясында ата-аналарды педагогикалық қолдау нұсқаулығымен таныстыру бағытында «Сен жанбасаң лапылдап?» тақырыбында ата-аналармен семинар-тренинг өткізілді. 17.10.2023 жылы «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» нұсқаулығымен таныстыру мақсатында 11-сынып жетекшілері М. Райымқұлова мен Ж. Қыдыралының, мектеп психологтары Р. Саукинбекова мен М. Утепованың ұйымдастыруымен ата-аналарға «Сен жанбасаң лапылдап» тақырыбымен семинар-тренинг өткізілді. Сынып жетекшілері ата-аналарға
Ұстаздар мерекесі
05
октябрь
2023
Ұстаздар мерекесі
Ұстаз деген ұйытқысы ұлылықтың, Шәкірттердің жүзінен сырын ұқтың.  Адамды абзалдыққа жетелеген,  Жүрегінде оты бар жылылықтың. Ұстаздар күні - бұл дәстүрлі, әрі бүкілхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. №15 мектеп-гимназиясында да ұстаздар күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Мектептің ардагер ұстаздары қонаққа шақырылды. Оқушылар ұстаздарға жыр шумақтарын арнап, жылы лебіз, тілектерін жеткізді. Мектеп басшысы Р.Б.Булекбаева мектеп өміріне, қоғамдық жұмыстарға белсене