Іс-шаралар » Страница 20 » Школа Гимазия №15
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№15 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 272-10-87
Есепші бөлімі:
+7(707) 272-10-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
Барлық кітаптың атасы- Әліппе
27
декабрь
2022
Барлық кітаптың атасы- Әліппе
Барлық кітаптың атасы- Әліппе. Бұл кітап- бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы  жолы, білімге бастайтын  сара жол.  Сондай - ақ әліппемен қоштасу да бірінші сынып оқушылары үшін өміріндегі елеулі оқиға.   Әліппені бітіру- алдағы өмірге бастайтын көп белестің бірі. Бұл біздер үшін  салтанатты мереке. 15 мектеп - гимназиясында  1 сынып оқушыларының әліппемен қоштасу кеші  өткізілді.
"ДАРА ТҰЛҒА- АСАНБАЙ АСҚАРОВ"  тақырыбында адалдық сағаты
27
декабрь
2022
"ДАРА ТҰЛҒА- АСАНБАЙ АСҚАРОВ" тақырыбында адалдық сағаты
"ДАРА ТҰЛҒА- АСАНБАЙ АСҚАРОВ"  тақырыбында 15 мектеп - гимназиясында адалдық сағаты  өткізілді.    Адалдық сағаты барысында қоғам қайраткерінің еңбек жолы , төменнен бастап төске өрлеген  қайыспас, қайсар қара нар екендігі, тар кезеңде  қабырғасын  қайыстырса да, азаматтығына сын, арына мін түсірмеген өресі биік, рухани  тәлімгердің тұлғалық қасиеттері айтылды.    Асанбай Асқаровтың жарқын бейнесі есімізде мәңгі сақтала бермек !
Облыс әкімінің  балаларға арналған жасыл шырша мерекесі
27
декабрь
2022
Облыс әкімінің балаларға арналған жасыл шырша мерекесі
26 желтоқсан күні облыс әкімінің  балаларға арналған жасыл шырша мерекесіне 15 мектеп - гимназиясының 5 сынып оқушысы  Маратбек Даниял  және қала әкімінің  мерекелік кешіне 7 сынып оқушысы   Нұржан Алуа қатысып қайтты.    Балалар мәдени бағдарламалар  мен түрлі қойылымдарды тамашалады. Шара соңында қатысушы балаларға  сыйлықтар табыс етілді.  Жаңа жылдық мереке  балаларға көтеріңкі көңіл - күй сыйлады.
Жаңа жыл мерекесіне арналған оқушылардың қол өнер туындыларынан көрме
26
декабрь
2022
Жаңа жыл мерекесіне арналған оқушылардың қол өнер туындыларынан көрме
Еңбек пәніңнің мұғалімдері  Фарида  Сейдомарова мен Жарқыналы Бошаевтың жетекшілігімен 15 мектеп - гимназиясында  жаңа жыл мерекесіне арналған оқушылардың қол өнер туындыларынан көрме  жұмыстары қойылды.
"Әзілхан Нұршайықовтың  өмірі мен шығармашылығы" атты көрме
21
декабрь
2022
"Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығы" атты көрме
21 желтоқсан күні 15мектеп-гимназиясында кітапханашы Халмұратқызы Назеркенің ұйымдастыруымен "Әзілхан Нұршайықовтың  өмірі мен шығармашылығы" атты көрме жұмысы қойылды. Жазушының өмірі мен шығармашылығынан  оқушыларға түсінік берілді.  Мақсаты: "Өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру"
«Жеңісімді тәуелсіздікке арнаймын»  мектепішілік  спорттық ойындар жарысы
21
декабрь
2022
«Жеңісімді тәуелсіздікке арнаймын» мектепішілік спорттық ойындар
2022 жылдың 20-желтоқсан күні   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жеңісімді тәуелсіздікке арнаймын» тақырыбында  № 15 мектеп-гимназиясы 2-11 сынып білім алушылары арасында денешынықтыру бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектепішілік  спорттық ойындар (волейбол, гандбол, кіші футбол) жарысы  өткізілді. Жеңімпазадар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломмен және үздік ойыншы номинациясы дипломымен марапатталды.
"Мен және менің  елім" Арт көрме
15
декабрь
2022
"Мен және менің елім" Арт көрме
15 мектеп-гимназиясында 14 желтоқсан күні "Мен және менің  елім" тақырыбымен, оқушылардың өз қолдарымен салынған Арт көрмесі   ұйымдастырылды.
"Жас Ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі
15
декабрь
2022
"Жас Ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі
"Жас Ұлан " Ережесін  бұлжытпай орындауға, сақтауға, ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге баулу мақсатында, 15 мектеп - гимназиясында 15 желтоқсан күні  2-5 сынып оқушыларын салтанатты  түрде "Жас Ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді. Оқушыларға төс белгілер мен галстук тарды тағуға  үшін мектептің ардагер ұстаздары қонаққа шақырылды.