27
декабрь
2023
2023-2024 оқу жылының І- жартыжылдық қорытындысы
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №15 мектеп - гимназия» КММ
2023 -2024 оқу жылының бірінші жарты жылдығының қорытындысы.
- 2023 -2024 оқу жылының бірінші жарты жылдығында №15 мектеп-гимназия біршама жетістіктерге жетті.
- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап арнайы санаттағы отбасыларынан шыққан 101 бала, 1-4 сыныптың 316 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
- Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында 20 бейнебақылау, дабыл түймесі жүйелерімен қамтамасыз етілген.
- 2023-2024 оқу жылында 253 электронды оқулықтар, 2000 оқулық пен әдеби кітаптар келіп түсті. Жалпы қор 22713, электронды оқулық 308 дана. Оқушылар 100% оқулықтармен қамтамасыз етілді. Кітапханашылар «Оқуға құштар» жобасымен жұмыс жасауда.
- Биылғы оқу жылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілді. Мектеп-гимназияда ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы ашылды. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Сен жанбасаң лапылдап», «Ақыл айтпа, жол көрсет», «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері» тақырыптарында ата-аналармен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылды. «Даналық мектебі» клубының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында ақ жаулықты аналармен сырласу кеші өткізілді.
- №15 мектеп-гимназиясының Жазыбай әулеті облыстық «Салауатты ата-ана мәдениеті» байқауында жүлделі І орынды иеленді.
- Мектеп-гимназия оқушылары қалалық 5-6 сынып оқушылары (ұлдар) арасында Футболдан өткізілген «Ұлттық мектеп лигасында» жүлделі ІІ орынға ие болды және мектеп-гимназия оқушылары «Жас Сарбаз» әскери-спорттық байқауына қатысты.
- Кәмелетке толмағандар арасында буллингтің және кибербулингтің, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында диагностикалау жүргізіліп, түзету-дамыту жұмыстары атқарылды. «Бестерек» және «Психологиялық әл-аухат және күйзеліске төзімділік» жобалары арқылы психологтар жұмыс атқаруда.
- №15 мектеп-гимназия оқушылары «Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы және Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бірге болайық!» ата-анаға мессендж акциясына белсене қатысты.
- №15 мектеп-гимназия мұғалімдері Ақтөбе облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының ұйымдастырған республикалық «Білікті ұстаз-2023» олимпиадасында : І орын-16 мұғалім, ІІ орын-13 мұғалім, ІІІ орын- 5 мұғалім иеленді. «Педстарт» республикалық олимпиадасында бастауыш сынып мұғалімі Мадешова Назипа жүлделі І орынға ие болса, республикалық «Физика пәнінің үздік педагогі-2023» байқауында физика пәнінің мұғалімі Ермаханова Сымбат жүлделі ІІ орын иеленді. Қалалық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасында Тезекбаева Айгүл жүлделі ІІІ орынға ие болды. Баспа беттерінде 7 мұғалімнің мақалалары жарық көрді.
- №15 мектеп-гимназия оқушылары республикалық «Кенгуру» ойын конкурсынан І орын-77 оқушы, ІІ орын-12 оқушы, ІІІ орын -17 оқушы иеленсе, жалпы білім беретін пәндер бойынша ІІ республикалық «SAPSAN» қашықтық олимпиадасының қалалық кезеңінде І орынға-21 оқушы, ІІ орынға-10 оқушы, ІІІ орынға-1 оқушы ие болды. Республикалық «Мақатаев оқулары» қашықтық конкурсынан І орын-25 оқушы, ІІ орын-18 оқушы ие болса, республикалық «Мағжан оқулары» қашықтық конкурсынан ІІ орынға -1 оқушы ие болды. Республикалық «Абай оқулары» қашықтық конкурсынан бас жүлде -2 оқушы, І орын-15 оқушы, ІІ орын-22 оқушы, ІІІ орын-10 оқушы иеленді. Облыстық түрлі байқаулардан 6 оқушы жүлделі орынға ие болса, қалалық түрлі байқаулардан 11 оқушы жүлделі орынға ие болды. Жоғарғы сынып оқушыларынан құралған «Ағыл тобы» «Junior Skills Jambyl-2023» байқауында жүлделі І орын алды.
- Алда келе жатқан 2024 жыл шәкірттеріміз бен ұстаздарымыз үшін толағай табысты жыл болсын!