18
февраль
2025
Көшбасшылар форумы: «Еңбегі адал – жас өрен» НЗМ мектебінде өтті.
Көшбасшылар форумы: «Еңбегі адал – жас өрен» Жұмысшы мамандықтар жылына орай, Тараз қаласы НЗМ-де жас көшбасшыларға арналған ерекше форум өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру және кәсіби бағдар беру.
Көшбасшылар форумында №15 мектеп-гимназиясының оқушылары еңбек пен кәсіптің маңызын терең түсінуге мүмкіндік алды. Танымдық кездесулер барысында олар өз ісінің нағыз шеберлерімен жүздесіп, олардың табысқа жету жолдарын тыңдады. Әрбір қонақтың әңгімесі – адал еңбек пен қайсарлықтың айқын дәлелі болды.
Ашық диалог алаңында оқушылар пікір алмасып, өз ойларын ортаға салып, болашақ мамандық таңдау туралы маңызды сұрақтарға жауап алды.
Бұл форум – жас көшбасшылардың болашаққа деген сенімін арттырып, еңбекке деген құрметін еселей түскен ерекше алаң болды.
Болашақ – еңбекқор жастардың қолында!