29
ноябрь
2024
«Қазақ классигі, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл»
№15 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қазақ классигі, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл» тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Бейімбет Майлин әр түрлі әдеби жанрларды жетік меңгеріп, өзін әмбебап жазушы ретінде көрсетті. Оннан астам өлеңдердің, көптеген әңгімелердің, очерктердің, фельетондардың авторы болды. Іс-шара барысында Бейімбет Майлиннің шығармалары өзекті әлеуметтік бағыттылығымен және терең психологиялық талдауымен ерекшелендігі айтылып, оқушыларға шығармашылығы кеңінен насихатталды. Бейнероликтер мен арнайы дайындалған презентациялар көрсетіліп, оқушылар Б.Майлин шығармаларын жатқа айтып, өз ойларын ортаға салды. Танымдық сағаттар өткізіліп, оқушылар арасында эссе жазу ұйымдастырылды. Қазақ әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесі, шығармаларының өміршеңдігі талқыланды.
