17
февраль
2023
«БІЗ САУ ҰРПАҚ ҮШІН. БІЗ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫМЫЗ» тақырыбында дәріс
2023 жылдың 17-ақпан күні Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері Омарова Ляззат Данишбаевна № 15 мектеп-гимназиясы 9-сынып білім алушыларына «БІЗ САУ ҰРПАҚ ҮШІН. БІЗ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫМЫЗ» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушылармен сұрақ-жауап жүргізіліп, олардың күйзеліс, жалғыздық туралы ой-пікірлері сұралып, талқыланды. Омарова Ляззат Данишбаевна есірткіге тәуелді адамдар, ең алдымен, жүйке және психикалық ауруларға шалдығады. Ұйқысыздық, жындану, ерте алжып, есінен адасу, ұстамалар (сандырақтау, қисынсыз әрекеттер жасау), галлюцинациялар (бос қорқыныш, елес көру, дыбыстар есту), ұмытшақтық, қысқаша айтқанда психикалық ауытқулар болатынын түсіндіріп өтті.
