14
март
2023
"Жомарт түлек" жобасы аясында 14 наурыз күні 15 мектеп- гимназиясында 9 а сыныбының жетекшісі Толқын Құрбанованың ұйымдастыруымен кездесу өткізілд










"Жомарт түлек" жобасы аясында 14 наурыз күні 15 мектеп- гимназиясында 9 а сыныбының жетекшісі Толқын Құрбанованың ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Басты мақсат- елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп әрі оқып жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, мектеп оқушыларына таныстыру болды. Кездесуге мектеп түлектері Таргудың 4 курс студенттері Молдағалиева Арай Ерланқызы, Даулетқызы Амина , құрылыс маманы- Ашимов Исламбек, қазіргі таңда Болгарияда оқуын жалғастырып жатқан ТИГУ -дың 2 курс студенті Мамырбаева Әйгерім Жарылқасынқызы қатысты. Мектептің кәсіби бағдар беру ісінің жетекшісі Гаухар Беркімбекова да кеш қонақтарына жетекші сұрақтар қойып, оқушылардың тілектерін жеткізді. Жетістікке жеткен әрбір түлек алтын ұя мектебімен тығыз байланыс орнатып, кейінгі жастармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғау керектігін түсіндірді. Кеш соңында, түлектер мектеп кітапхансына өздерінің атынан ала келген кітаптарын сыйға тартты.