20
апрель
2023
Бейбіт елде көрік болған, дәулеті тірлігіне тірек болған Тараз қаласы бүкіл қазақ елінің тарихи бойтұмары іспеттес. Өйткені, бұл қала - мыңжылдықтарды еңсеріп, түрлі дәуірді басынан өткерсе де құндылығы топырақ астында қалмай, тарих қойнауынан бү
Бейбіт елде көрік болған, дәулеті тірлігіне тірек болған Тараз қаласы бүкіл қазақ елінің тарихи бойтұмары іспеттес.
Өйткені, бұл қала - мыңжылдықтарды еңсеріп, түрлі дәуірді басынан өткерсе де құндылығы топырақ астында қалмай, тарих қойнауынан бүгінгі күнге дейін жеткен жалқы қала. Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының " Тараз- Туризм" туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен 18 сәуір күні " Өмір сабақ" атты тегін экскурсиялық туристік бағдарламасымен 15 мектеп- гимназиясының 45 оқушысы, 5 мұғалімі тарихи - мәдени орындарға саяхаттады. Оқушылар " Көне Тараз" ашық аспан астындағы тарихи - археологиялық мұражайы, " Тектұрмас" әулие, "Қарахан" кесенесі, " Қали Жүніс моншасы", "Қазақ хандығына 550 жыл" монументі ," Айша Бибі", Бабажы қатын" кесенесі және Қазфосфат ҚДФЗ зауытын аралап қайтты. Оқушыларға арнайы жол көрсетуші маманның баяндауымен, Тараз жеріндегі сан ғасырлық өмірге куә тарихи ескерткіштер туралы мәліметтер берілді. Зауыт өмірінен де жауапты мамандар түсінік берді. Оқушыларға түскі тегін тамақ беріліп, жанды сабақтар көрсетіліп, арнайы сертификаттар табыс етілді. Арнайы естелікке сыйлықтар табысталды. Осылайша күннен - күнге жанданып, аңыздармен көмкерілген ежелгі Тараз қаласының мәдени- тарихи орындарынан білім алушылар үлкен әсермен қайтты.