28
апрель
2023
Жеңіс туын желбіреткен, ұрпақтарының жарқын болашағы үшін от пен судан тайсалмаған , ауыздықпен су ішіп, етігімен от кешкен майдангерлеріміздің ерлік ісін насихаттау мақсатында, 15 мектеп- гимназиясында " Біз бірлесіп жеңістерге жеткенбіз "
Жеңіс туын желбіреткен, ұрпақтарының жарқын болашағы үшін от пен судан тайсалмаған , ауыздықпен су ішіп, етігімен от кешкен майдангерлеріміздің ерлік ісін насихаттау мақсатында, 15 мектеп- гимназиясында " Біз бірлесіп жеңістерге жеткенбіз " тақырыбымен тарихи танымдық, әдеби-музыкалық, патриоттық әндер кеші өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімдері М.Райымбекова, Г.Құрманова, Ж. Аман мен музыка пәнінің мұғалімі Г.Тілеукулованың жетекшілігімен , дайындауымен оқушылар өз өнерлерімен көрермендерін қуантты. Тарихи естеліктер мен жыр жолдары оқылды. Майдан өмірінен көрініс көрсетілді. Отты жылдардағы ескірмес есті, патриоттық - рухты әндерді оқушылар нақышына келтіріп орындады. 9 мамыр Ұлы Жеңістің 78 жылдығы мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз!










