02
декабрь
2023
Ақыл айтпа, жол көрсет!
Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету мақсатында, №15 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып ата-аналарына арналған сабақ өткізілді. 2 сынып спикерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға ата-аналар белсенді қатысты. Ата-ананың міндеті - жақсы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу. "Ақыл айтпа, жол көрсет" тақырыбымен өткізілген сабақта, білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту жолдары талқыланды.





























