11
декабрь
2023
Дара тұлғаның - дара жолы
Қазақта Ғафу Қайырбековтей ғажап ақынды білмейтін жан кемде-кем. Ол - ақын, әнші, шешен, домбырашы, сөз зергері, редактор, баспагер. Ақын кең жүрегіне дархан даласын, тамаша табиғатын, халқының қуанышы мен жақсылығын сыйғызған жан. «Дара тұлғаның - дара жолы» тақырыбында №15 мектеп-гимназиясында ақын Ғ. Қайырбековтың 95 жылдығына арналған танымдық сағаты өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ә. Байдуанова мен Ғ. Бекжанованың ұйымдастыруымен оқушыларға дара тұлғаның өмір шындығын өрнектеген шығармалары туралы түсінік берілді. Жырлары - жұртының жүрегінде, мұралары - мұражайларда сақтаулы ақынның есімі ұрпақтар санасында мәңгі сақталады.







