26
январь
2024
Қазақ есебі
Математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жаттықтыруға ықпал етеді. №15 мектеп-гимназиясында "Қазақ есебі" республикалық челленджі өткізілді. Математик А.Жұмаділдаевтың ұсынған есептері шығарылды. Математика пәнінің ұстаздарының ұйымдастыруымен, білім алушылар математикалық есептерді шешу арқылы ойлануға, модельдеуге, болжауға, нақты шешімдерді шығаруға дағдыланды.












