1 қыркүйек білім күніне орай өткізілген іс-шара
Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, білімге деген құштарлығын арттырып, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматы етіп тәрбиелеу.
1 қыркүйек Білім күні Білім және ғылым министрлігінің жарлығымен жиын тек мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1 сынып бүлдіршіндеріне арналды. Мектептен 1 сыныптардан үш сынып оқушылары сапқа тұрғызылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында өткізіліп отырған мектептің 1-қыркүйек - білім күніне арналған «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында өткізілді. Ту кіргізілді, Гимн орындалды. Мектеп директоры Р.Б.Булекбаеваға сөз берілді. 1 сынып оқушылары мектепке арнап, Тәуелсіздікке арнап, ұстаздарға арнап өлеңдер оқыды. 11 сынып оқушылары 1 сыныптарға жылы лебіздерін айтып, сәттілік тіледі. Ортаға «Әліппені» әнін айтып оқушы шыққанда 11 сынып оқушылары бүлдіршіндерге әліппе кітаптарын табыс етті. Жиынға арнайы шақырылған қонақтарға сөз берілді. Оқушылар ұстаздарымен естелікке суретке түсіп, алғашқы сынып сағаттарына мектепке кіргізілді.
2-11 сыныптардың алғышқы сынып сағаттары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» деген тақырыпта өткізілді. Барлық сыныптар ашық сынып сағаттары ретінде өткізді.

