Директордың қамқоршылық кеңеске берген есебі » Школа Гимазия №15
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Директордың қамқоршылық кеңеске берген есебі
13
октябрь
2018

Директордың қамқоршылық кеңеске берген есебі



Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№15 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мекемесі
Хаттама № 1

№15 мектеп-гимназиясының директорының қамқоршылық кеңеске есеп беру жиналысы
Өткізілген уақыты: 29.09.2018ж.
Өткізілген орны: Мәжіліс залы
Қатысқандар:Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тилеукулова Г.М., қамқоршылық кеңес мүшелері-9

Күн тәртібінде:
Мектеп директоры Рахима Бекетовна Булекбаеваның есебі. 2017-2018 оқу жылындағы атқарылған жұмыс туралы есеп беру, 2018-2019 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарымен таныстыру.

Қаралды:
Күн тәртібіндегі мәселе төңірегінде мектеп директоры оқу жылына арналған мақсат, міндеттерімен таныстырды. Мектептің алға қойған мақсат міндеттерінің орындалуы және қадағалау жөнінде толық ақпарат берілді. Бүгінгі таңда мектебімізде 730 бала білім алуда, оның 96-сы бірінші сынып оқушылары. 30 класс комплектісі бар.
Мектебіміздің жетістігі ретінде мектеп түлектерінің ҰБТ-гі көрсеткен білім деңгейі. ҰБТ-ге қатысқан 32 түлектің барлығы да жоғары балл жинады.. ҰБт қорытындысы бойынша жалпы орташа балл 89,5 % өткен оқу жылымен салыстырғанда 12,4 % жоғары, Былтыр қала көлемінде 24 орын да болсақ, биыл қала бойынша мектептердің арасында 11 орынға көтерілдік. Үміт артқан екі «Алтын белгіміз» де ойдағыдай 125,127 балл алып өз «Алтын белгілерін» ақтады. «Алтын белгі» иегері-Тәттібаев Әділет пен Тоған Аружан. Осындай жұмыстың нәтижесінде ҰБТ тапсырған 32 мектеп бітірушілердің 16 түлегі мемлекеттік грант иегері атанып, жоғарғы оқу орындарына түсті. Мектебіміздің оқушылары қала, облыс , республика көлеміндегі байқауларға қатысып 101 жүлделі орынды иеленді. Биыл мектебімізде «Робототехника» курсы бойынша үйірме жұмыстары, «Физика, биология, информатика, химия» пәндері бойынша ағылшын тілінде таңдау сабақтары жүргізіледі.
Білім ордасының қай-қайсысы да білікті маман- кадрлармен ерекшеленеді. Мектеп ұжымында 60 мұғалім жұмыс атқарады, оның 3 ҚР білім беру ісінің үздігі, 25 жоғары санатты, 11 бірінші санатты, 11 екінші санатты мұғалімдер. Кадр тұрақты. Барлық пән мұғалімдері жеткілікті. Мектептің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Оған мектебімізде құрылған «Қамқоршылық кеңестің» қосып жатқан үлесі өте зор. Сонымен қатар бірқатар ата-аналар өз тарапынан мектебімізге демеушілік көрсетті.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы Салыбекова Мансия Анимарбековна сөз алып, қамқоршылық кеңестің биылғы оқу жылына арналған жоспарымен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңес құрамы өзгеріссіз қалатындығын айтты.

             Шешім:
1. Қамқоршылық кеңеспен мектеп тығыз байланыста болу.
2.Қамқоршылық кеңестің жұмысын одан әрі жандандыру,тәрбиесі қиын балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс жасау,бақылауға алу.
Теги:
15
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив