Іс-шаралар » Страница 10 » Школа Гимазия №15
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлттық өнер
20
январь
2024
Ұлттық өнер
Қолөнер туындылары әсемдік пен сәндіктің үлгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман-ойының, тілек, мүддесінің нышаны. "Ұлттық өнер" тақырыбымен еңбек пәнінің мұғалімдері Ф. Сейдомарова, Ж. Бошаев, М. Тилеукулованың ұйымдастыруымен, оқушылардың қолдан жасаған қол өнер бұйымдарының көрмесі қойылды. Халқымыздың барлық ұлттық құндылығы сияқты қолөнер бұйымдары да - ұрпаққа мұра және мақтаныш.
Үздік тәлімгер
20
январь
2024
Үздік тәлімгер
Жасөспірімдер ұйымына бағыт-бағдар беріп, кәсіби деңгейін көтеру, тәлімгердің беделін арттыру, қарымын жан-жақты ашуға ықпал ету мақсатында қалалық білім беру ұйымы байқау ұйымдастырды. Қалалық "Үздік тәлімгер" байқауына қатысып, өз шығармашылық жетістіктерімен №15 мектеп-гимназиясының аға тәлімгері - Пашралиева Самал Ғанибекқызы жүлделі 3-орын иеленді. Әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз!
Ағама деген ақ тілек
20
январь
2024
Ағама деген ақ тілек
Мектебімізде "Ағалар мектебі" клубының жоспарына сай "Ағама деген ақ тілек" тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Ағаға деген құрмет пен сыйластық, үлкенді сыйлау туралы түсініктер берілді.
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
20
январь
2024
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
Жеті атасын білу тек өз абыройы, отбасы құндылығы ғана емес, ұлттың болашағына ықпал ететін қозғаушы күш. Болашақ ұрпақты халқымыздың ұлттық құндылықтырына, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу мақсатында жұмыс жүргізетін "Аталар мектебінің" басқосуында "Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер" тақырыбында кездесу өткізілді. Ата тектері туралы мағлұматтарды бойына сіңіруіне, жеті атасы туралы ойларын ортаға салуына, өз ата тектерін білуге деген оқушылар қызығушылығы
Шәкәрім жырлары - ұлттық мұра
20
январь
2024
Шәкәрім жырлары - ұлттық мұра
"Шәкәрім жырлары - ұлттық мұра" тақырыбында №15 мектеп- гимназиясында 5 «Ә» сыныбының жетекшісі Г. Құрманованың ұйымдастыруымен сынып сағаты өткізілді. Білім алушыларға Шәкәрім мұраларының бүгінгі және келешек ұрпаққа берері көп екендігі түсіндірілді. Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармашылығымен танысты.
Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады?
21
декабрь
2023
Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін
Мектептің ата-аналар қауымдастығы мен өзара іс-қимылын нығайту мақсатында кезекті "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады?" тақырыбында 7-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді.
"Даналық мектебі" клубының жоспарына сәйкес тәрбие сағаты
19
декабрь
2023
"Даналық мектебі" клубының жоспарына сәйкес тәрбие сағаты
Әже тәрбиесін үлгі ету, қазақтың салт- дәстүрі бойынша жанұядағы әже мен немере арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында "Даналық мектебі" клубының жоспарына сәйкес, №15 мектеп-гимназиясында Н. Мадешованың ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өткізілді. Білім алушыларға үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, құрметтеуге, халқымыздың салт-дәстүрінен нәр алуға түсініктер берілді.
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
15
декабрь
2023
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Тәуелсіздік - қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. №15 мектеп-гимназиясында "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Еліміз бен жеріміз айбынды, егемендігіміз еңселі, Қазақ елі, Қазақстан мәңгі, ғұмырлы болсын!
Дара тұлғаның - дара жолы
11
декабрь
2023
Дара тұлғаның - дара жолы
Қазақта Ғафу Қайырбековтей ғажап ақынды білмейтін жан кемде-кем. Ол - ақын, әнші, шешен, домбырашы, сөз зергері, редактор, баспагер. Ақын кең жүрегіне дархан даласын, тамаша табиғатын, халқының қуанышы мен жақсылығын сыйғызған жан. «Дара тұлғаның - дара жолы» тақырыбында №15 мектеп-гимназиясында ақын Ғ. Қайырбековтың 95 жылдығына арналған танымдық сағаты өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ә. Байдуанова мен Ғ. Бекжанованың ұйымдастыруымен оқушыларға дара тұлғаның өмір
Қызға қырық үйден тиым
08
декабрь
2023
Қызға қырық үйден тиым
Ұлттық тәрбиені ұлықтау мақсатында мектебімізде "Даналық мектебі" клубының іс-шара жоспарына сәйкес "Қызға қырық үйден тиым" тақырыбында ақ жаулықты аналарымызбен сырласу, кездесу іс-шарасы өткізілді. Әженің тәрбиесі ізгіліктің жарығындай бала жүрегін нұрландырып тұрады. Көпті көрген аналарымыздың өмірден алған тәжірибесі мол. Бар жылы-жұмсағын тауысып, ыстық-суығын ажыратып, бойындағы бар жылуын өз жанының бөлшегіне бөліп беруге даяр ата мен әже - кемел келешекке ақыл үлестіруші кемеңгер. Атам