20
январь
2024
Үздік тәлімгер
Жасөспірімдер ұйымына бағыт-бағдар беріп, кәсіби деңгейін көтеру, тәлімгердің беделін арттыру, қарымын жан-жақты ашуға ықпал ету мақсатында қалалық білім беру ұйымы байқау ұйымдастырды. Қалалық "Үздік тәлімгер" байқауына қатысып, өз шығармашылық жетістіктерімен №15 мектеп-гимназиясының аға тәлімгері - Пашралиева Самал Ғанибекқызы жүлделі 3-орын иеленді. Әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз!
