01
март
2024
Аралық аттестаттау бойынша
2023-2024 оқу жылында 5-8, 10 сыныптар арасында өткізілетін аралық аттестаттау бойынша «Қазақ тілі» мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша емтихан өткізудің жол картасының аясында бұйрық шығарылып, атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілді. Аралық аттестаттау туралы 5-8, 10 сыныптардың сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне әдістемелік ұсынымды таныстыру мақсатында а.ж. 15 ақпан күні ақпараттық - түсіндіру семинары өткізіліп, хаттамасы жазылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігіне әдістемелік ұсынымдар беріліп, емтихан сұрақтарын дайындау үшін жұмыс жүргізу қажеттілігі ескертілді. 5-8,10 сыныптың сынып жетекшілері сынып сағаттарында аралық аттестаттау туралы оқушыларға ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.