Байдуанова Адиша Боларбековна » Школа Гимазия №15
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Байдуанова Адиша Боларбековна
22
апрель
2020

Байдуанова Адиша Боларбековна

#ПЕДАГОГКҮНДЕЛІГІНЕН
Ұстаз – балаға білім нәрін беріп, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға. Сондықтан да ұстаздың арқалар жүгі әрқашан ауыр.
Қай кезеңде де білім беру ісі тоқтаған емес. Өткен ғасырдың қиын-қыстау шақтарында да уақыт тауып, білім алған. Бұлардың барлығы да ұстаз қауымының жігерлі күші арқылы жүзеге асырылып жатқаны айтпасақ та түсінікті.
Осы орайда Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың табандылығы мен ұстанымы туралы айтпасақ болмайды. Тар кезеңде тығырықтан шығар жол тауып, бастама көтеріп, ұстаздарға қолдау жасап,оны іске асыруда өзінің іскерлік қабілетімен жұртшылықтың жүрегінен жол табуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» дегендей, жұмыла көтерген жүктің қашан да жеңіл болатынын уақыт өзі дәлелдеп отыр.
Міне, оқушылардың қашықтықтан білім алып жатқанына да екінші аптаның жүзі. Балалар да ұстаздар тарапынан берілген тапсырмаларды орындауға машықтанып, ата-аналардың да жүрексінген ойлары сабасына түсіп, өзара ынтымақтастықтың арқасында кедергілерге тосқауыл қойылды.
«Балапан», «Еларна» телеарналары арқылы «Күнделік.кz», «Bilimland.kz» платформалары арқылы өздеріне қажетті деректемелерді алып, пән мұғалімдерімен кері байланыс орнатуда. Яғни, білім алғысы келетін баланың жолына ешбір кедергі тосқауыл бола алмайтынын өмірдің өзі көрсетіп берді.
Жаңартылған біліммен өздерінің білім көкжиектерін кеңейткен жаңашыл, жаңалықтың жаршысы болып жүрген ұстаздар қауымына «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады»,- деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерімізге тек білім ғана емес, бойымыздағы бар мейір-шапағатымызды аямай, қамқорлықтың шуағына бөлеп, білімнің асқар биік шыңына шығаруға бар күш-жігерімізді аямайық!» дегім келеді.
Байдуанова Адиша Боларбековна
Біз қашан да біргеміз!
Тараз қаласы
№15 мектеп – гимназиясының
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
#педагогкүнделігі
#бізбіргеміз
#қашықтықтаноқыту
https://www.facebook.com/bilimzhambyl/photos/a.236160570401153/521908348493039/?type=3&eid=ARC7jW0xp24Pd1b9YYpEgQAtQuEcl8Zyk7zA_G4nXraz5KFv6cm_jcC3jpfJYhlbZqFmK3vc0rejW0qu&__tn__=EEHH-R

Похожие публикации:

02 март 2019 ОЖСБ туралы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив