Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы
Хаттама № 1
Қамқоршылық кеңестің отырысы
№15 мектеп-гимназия
Өткізілген уақыты: 19.01.2019 жыл
Өткізілген орны: №15 мектеп-гимназия мәжіліс залы
Отырыстың басталуы: 10.00 сағ.
Отырыстың аяқталуы: 10.50 сағ.
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері – 15 адам,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тилеукулова Г.М.
КҮН ТӘРТІБІ :
1. Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы М.К.Жинақбаеваның 11.01 2019ж. Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту туралы №30 бұйрығымен таныстыру.
2. «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
3. қамқоршылық кеңестің төрағасын сайлау
4. Әр түрлі мәселелер
1-мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Тилеукулова сөз алып, жиналысты ашық деп жариялап, күн тәртібімен таныстырып өтті. Онда бірінші сұрақ бойынша сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27шілдедегі №355 бұйрығы, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы М.К.Жинақбаеваның 11.01 2019ж. Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту туралы №30 бұйрығымен таныстырып өтті.
Қамқоршылық кеңес мүшелерін ата-аналар арасынан сайлау, сайланған ата-аналар мектепке демеушілерді тартуы немесе ата-аналар тарапынан демеуші болуы керектігін де атап өтті.
2-мәселе бойынша Г.М.Тилеукулова Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы арту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.
1. Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
2. Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру.
3. Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
4. Мектеп ұжымы жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
5. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қолдау мақсатында әлеуетін күшейту.
6. Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
7. Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау. Қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына, сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі 3-мәселе бойынша сөз алған ата-ана, 2017-2019 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңесінің төрайымы М.А.Салыбекова Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен Қамқоршылық кеңес төрайымына М.А.Салыбекова бірауыздан қайта сайланды.
Күн тәртібіндегі 3-ші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы Салыбекова Мансия Анимарбековна қамқоршылық кеңесінің сайланған кеңес мүшелерін құттықтап, ендігі жолда бірауыздан кеңес жұмысын дұрыс жүргізейік деп атап өтті.
Шешім:
- Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес №15 мектеп-гимназиясында құрылған кеңестің жұмысы одан әрі жандандырылсын.
- Қамқоршылық кеңес төрайымы ретінде М.А.Салыбекова сайлансын.
- жағдайы төмен, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға бірінші кезекте көмек беру ұйғарылды.