"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында аналармен кездесу
№15 мектеп-гимназиясында 7 желтоқсан күні мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы С Кадированың ұйымдастыруымен "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында аналармен кездесу өткізілді. Кездесуге қалалық "Қамқоршылық" кеңесінің төрайымы Ғ.О.Рысбаева келіп қатысты.Қазіргі қазақ қоғамындағы отбасындағы қыз бала тәрбиесіне көңіл бөлу мәселесі талқыланды. Аналар ұлттық тегімізден келе жатқан адами қасиеттерді қыз баланың бойына дарыту жөнінде өз ойларын бөлісті.Мектеп психологтары Р. Саукимбекова, М Утепова "Жүрек жылуы" сергіту сәтін өткізді.