21
февраль
2024
Әке көрген оқ жонар
Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. "Әке көрген оқ жонар" дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерлерін ұлдарына үйретіп, оларды сегіз қырлы, бір сырлы етіп тәрбиелеген. №15 мектеп-гимназиясының 3 «Ә» сынып оқушысы Дүйсекей Жансерік Асхатұлы осындай әке тәрбиесінің мектебінен өтіп келе жатқан жас жеткіншек. Әкесі Асхат Дүйсекеев пен анасы Роза Маткулова да отбасы бақыты бала тәрбиесі деп білетін абзал жандар. Осындай жанұядан тәлім мен тәрбие алып, өсіп келе жатқан Жансеріктің болашақта қазақ елінің салты мен дәстүрін берік ұстанатын, саналы да білімді азаматы болып өсетініне сеніміміз мол!


