05
декабрь
2018
«Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанантты жиыны
Тараз қаласындағы
№15 мектеп-гимназиясында 7 қараша күні
«Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанантты жиын өтті, «Жас Ұлан»,
«Жас қыран» ұйымының қатарына қабылданған оқушылар бұл ұйымның қатырына
қабылдану үлкен жауапкершілік екендігін сезінеді. «Жас қыран» ұйымына 2 – 4 сыныптардан үздік 80 оқушы, ал «Жас
Ұлан» ұйымына 5 – 9 сынып оқушыларынан 70оқушы қабылданды. Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Ұйымға қабылданушыларға қонақтар ата –аналар қауымдастығының мүшелері, аға ұстаздар, 9 – 11 сыныптың үздік оқушылары көгілдір галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілерін қадады. Ұйымға қабылданушылар өз Отанының патриоты болуға, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ережелерін бұлжытпай орындауға ант беріп, ұйымның әнұранын шарқады. Жиын соңында Директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары Әлімжанова Жанар Болатханқызы сөз алып, оқушыларды құттықтап, І-тоқсанды жетістікке жеткен оқушыларды марапаттады.