Іс-шаралар » Страница 9 » Школа Гимазия №15
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әке көрген оқ жонар
21
февраль
2024
Әке көрген оқ жонар
Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. "Әке көрген оқ жонар" дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерлерін ұлдарына үйретіп, оларды сегіз қырлы, бір сырлы етіп тәрбиелеген. №15 мектеп-гимназиясының 3 «Ә» сынып оқушысы Дүйсекей Жансерік Асхатұлы осындай әке тәрбиесінің мектебінен өтіп келе жатқан жас жеткіншек. Әкесі Асхат Дүйсекеев пен анасы Роза Маткулова да отбасы бақыты бала тәрбиесі деп білетін абзал жандар. Осындай жанұядан тәлім мен тәрбие алып, өсіп келе
Әрбір бала - жарық жұлдыз
08
февраль
2024
Әрбір бала - жарық жұлдыз
№15 мектеп-гимназиясында 3 «А» сынып жетекшісі Бекбергенова Ақботаның жетекшілігімен "Әрбір бала - жарық жұлдыз" тақырыбында ата- аналарды педагогикалық қолдау сабағы өткізілді. Ата-аналармен бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығы талқыланды. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру жолында түсініктер берілді.
Қазақ әдебиетінің асқар биігі
06
февраль
2024
Қазақ әдебиетінің асқар биігі
Даңқты ұстаз, белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі С. Көбеев - ұлт мақтанышы. Қаламгердің 145 жылдығына арналған "Қазақ әдебиетінің асқар биігі" тақырыбында танымдық сағаты 7 «Б» сыныбының жетекшісі А.Жүсіпбекованың ұйымдастыруымен өткізілді. Білім алушыларға ақын-жазушының қаламынан туған шығармалары туралы түсініктер берілді.
"Қыз еркем - қылығымен көркем"
05
февраль
2024
"Қыз еркем - қылығымен көркем"
Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік, негізінде тәрбиелей отырып, олардың бойында қарапайымдылық, әсемдік, өнерге қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-дәстүрімізді жалғастыруға себепші болу парызымыз. "Қыз еркем - қылығымен көркем" тақырыбында бастауыш сыныптарда А. Масатбекованың ұйымдастыруымен челлендж өткізілуде. "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" ендеше, қыз балаға берілетін тәрбие де әрбір ата-ананы толғандыруы тиіс.
"Құмарлыққа бой алдыру - тәуелділік құрдымы"
02
февраль
2024
"Құмарлыққа бой алдыру - тәуелділік құрдымы"
"Ата-аналарды педогогикалық қолдау орталығының қызметі білім беру ұйымының қажеттілігі негізінде" 10 «А» сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сабақты сынып жетекшісі Толқын Құрбанова өткізді. "Құмарлыққа бой алдыру - тәуелділік құрдымы" тақырыбында өткізілген сабақтың мақсаты: ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын-алу жолдарын дамытуға бағытталды. Ата-аналарға оқушылардағы химиялық және химиялық емес тәуелділік
ДосболLIKE
31
январь
2024
ДосболLIKE
Біз "Өзін-өзі басқару" ұйымы мектепте өткізіліп жатқан "ДосболLIKE: достық қолын ұсын" республикалық акциясына өз үлесімізді қосу мақсатында "Еріктілер" жобасы бағытында, мектеп ұжымын, ұстаздарды, оқушыларды достық қарым-қатынаста болуға шакырамыз! "Нағыз досыңның көп болғанын каласаң-дос бол!" #досболlike
Рәміздерім - ар ожданым
31
январь
2024
Рәміздерім - ар ожданым
Рәміздер - рухымыз, ар ожданымыз. Сол алтын тұғырымызды жас ұрпақтың санасына сіңіріп, ойына ұялату мақсатында №15 мектеп-гимназиясында "Рәміздерім - ар ожданым" тақырыбында 5 «Б» сыныбының жетекшісі Сериева Лаура тәрбие сағатын өткізді. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін білдіретін белгілермен оқушылар тереңірек танысты.
Достық қолын ұсын
26
январь
2024
Достық қолын ұсын
Елімізде "ДОСБОЛlKE": "ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" республикалық акциясы басталды. Мектеп білім алушыларына "Татулық- достық кілті" тақырыбында мектеп тәлімгері С. Пашралиеваның ұйымдастыруымен өзін - өзі басқару ұйымының мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар бір-біріне жылы лебізін айтып, достық туралы өз пікірлерін білдірді.
Қазақ есебі
26
январь
2024
Қазақ есебі
Математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жаттықтыруға ықпал етеді. №15 мектеп-гимназиясында "Қазақ есебі" республикалық челленджі өткізілді. Математик А.Жұмаділдаевтың ұсынған есептері шығарылды. Математика пәнінің ұстаздарының ұйымдастыруымен, білім алушылар математикалық есептерді шешу арқылы ойлануға, модельдеуге, болжауға, нақты шешімдерді шығаруға дағдыланды.
ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН
26
январь
2024
ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН
Елімізде "ДОСБОЛlKE": "ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" республикалық акциясы басталды. Мектеп білім алушыларына "Спорттық достық" тақырыбында денешынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен шахматтан және эстафеталық ойындардан жарыс өткізілді. Оқушылар арасында достық, жағымды қарым-қатынас орнатылды.