Бастауыш сынып бірлестігінің онкундігі
Сабақ: математика | Мектеп: №15 мектеп-гимназия | |||
Күні: 22.02.2019ж | Мұғалімнің аты-жөні: Тулганбаева С.Н. | |||
Сынып: 2 А | Қатысқандар: 25 | Қатыспағандар:0 | ||
Тақырыбы: | Қазақтың ұлттық ойындары. Бәйге. Теңдік және теңіздіктер. Санды және әріпті өрнектер. | |||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 2.2.1.1 - санды және әріпті өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/теңдіктер мен теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу 2.2.1.2. Əріптің берілген мəніндегі екі амалды əріпті өрнектің мəнін табу. | |||
Сабақ мақсаты | •көрнекі (графикалық) тіректерді қолданып, санды жəне əріпті өрнектер құрастырады; •əріпті өрнектің мəнін əріптің берілген мəні бойынша таба алады. •екі амалдан тұратын əріпті өрнек құрастыру жəне əріптің берілген мəні бойынша олардың мəнін табуды біледі. •өрнектерді түрлі белгілері бойынша жүйелей алады. Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. | |||
Бағалау критерийлері | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. Теңдік пен теңсіздік туралы сипаттайды. Санды және әріпті өрнек түсінеді. Әріпті өрнек пен санды өрнекті ажыратып үйренеді. | |||
Тілдік мақсат | Оқушылар:
өрнектерді оқи алады. Пəндік лексика жəне терминология: өрнек, санды өрнек, əріпті өрнек | |||
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:сөздікті өзектендіру. Көптілдік: теңдік, теңсіздік | ||||
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы | ||||
Талқылау: • Əріпті өрнек деген не екенін түсіндіре аласың ба? Оның мəнін табуға бола ма?Жауабыңды негізде. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, өмір бойы білім алу, құрмет,достық | |||
Пәнаралық байланыс | музыка, көркем еңбек, тіл дамыту | |||
АКТ қолдану дағдылары | Бейне жазба, слайд Қосу мен азайту компоненттерінің атаулары | |||
Бастапқы білім: | 1 сыныпта өткен теңдік пен теңсіздік, санды және әріпті өрнектер туралы білімдерін тереңдетеді. | |||
Жоспарланған уақыт есебі | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | ресурстар | ||
Басы 4 мин 2 мин | І Ұйымдастыру кезеңі:
Мақсатымыз – білім алу, Міндетіміз – еңбектену. Еңбек етіп жұмыла, Беске қолды жеткізу. Мақсаты: көңіл-күйді көтеріп, сабаққа ынталандыру. Топқа бөлу «Квест» әдісі арқылы топқа бөлу. «Бағыт» арқылы 1-топ «теңдіктер» 2-топ «теңсіздік» 3-топ «санды және әріпті өрнек» Бағалау «отшашу» Топты қорғау. Әр топ өзінің тобын қорғайды 2.Өткенді қайталау «Ауызша» -қосындының компоненттерін ата -айырманың компоненттерін ата -көбейтіндінің компонентерін ата -бөліндінің компоненттерін ата |