Қыдыралы Жазира Абдуалықызы » Школа Гимазия №15
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қыдыралы Жазира Абдуалықызы
04
май
2020

Қыдыралы Жазира Абдуалықызы

Қыдыралы Жазира Абдуалықызы
Біз әрқашан біргеміз!
№15 мектеп-гимназиясының
Химия пәні мұғалімі

«Ұстаз болу-өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай еңбек етіп, еліміз осындай сын кезеңде тұрғанда ұстаздарымыз қысқа уақыт ішінде тез қашықтықтан оқу жүйесіне бағытталып, қайта шеберлігін шыңдап бастап та кетті. Ұстаз - болашақтың алтын көпірі, тірегі мен жүрегі екені алашқа аян. Қоғамның қозғаушы күші де – ұстаз. Өйткені қай дәуір болмасын, ол қоғамға ұстаздың еңбегі керек-ақ. Тіпті зәру.  Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді.Әлемдегі соңғы болып жатқан оқиғалар бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді. Еліміз осындай сын кезеңде тұрғанда Білім жəне ғылым министрлігі оқушылардың білім алуынан қол үзіп қалмауына бар мүмкіндік жасап, қашықтықтан оқуға көшіп те кеттік. Әрине, бұл оқушылар үшін ғана емес, мұғалімдер мен ата-аналар үшін де қиын сәт. Дегенмен, көз қорқақ, қол батыр. Іштегі қорқыныш, үрей, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам басып, жаңа белесті бағындырып келеміз.   Оқушылар оқулықпен қатар "Балапан", «Еларна» телеарнасы арқылы білімдерін шыңдап, қашықтықтан оқудың мүмкіндіктерін  еркін игеруде. Оқуға деген ынта-ықыласы артып, ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы бірлік беки түсті.Қиын сәтте білім берудің осы жүйесінде ата-аналар түсіністікпен қарап, алғыс білдіріп, мұғалімдерді қолдауда. Оған дәлел 15 мектеп-гимназия ұжымы мен осы ұжымды басқарып отырған Булекбаева Рахима Бекетовнаға шексіз алғыс білдіріп қолдау көрсетіп жатқан ата-аналар лебізінен байқауға болады. Шыдамдылықпен індетті жеңіп, аяулы мектебімізге қайта оралар күнді тағатсыздана күткен шәкірттеріміздің  сағынышынан байқаймыз. Мемлекет басшысы өз үндеуінде: «Ең бастысы, шыдамдылық, төзімділік және жауапкершілік танытайық. Біз – рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халықпыз. Сондықтан, бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге еңсереміз деп сенемін. Басты тойларымыз әлі алда. Төрт құбыламыз түгел болсын, ағайын! Біз біргеміз!",- деген болатын. «Бірлігі бекем елдің белін ешкім сындырмас» демекші, ынтымақ пен бірліктің арқасында қиындықты бірге жеңеміз. Көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын, сіздерге темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық, көмірдей қара көздеріңізбен алмаздай өткір сөздеріңізбен жанды жадыратып, өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер! 
Біз біргеміз!
#педагогкүнделігі
#бізбіргеміз
#қашықтықтаноқыту
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив