04
март
2024
Бала бақытты болуы үшін не істеуі керек?
Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. №15 мектеп-гимназиясында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа қалалық ата-аналар комитетінің төрайымы Рысбаева Ғалия Орынбайқызы, қала мектептерінің ата-аналар комитетінен қонақтар келіп қатысты. "Бала бақытты болуы үшін не істеуі керек?" тақырыбында ата-аналарға түсінік беріліп, ой-пікірлері, ұсыныстары тыңдалынды. Мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы С.Кадирова баяндама оқып, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.