01
февраль
2019
"Үркер - 2019" өнер және білім байқауының жеңімпаздары
№15 мектеп-гимназиясының оқушылары Сарыкемер ауылында өткен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген Республикалық өнер және білім байқауына қатысып жүлделі орындармен қайтты. Қатысқан 10 оқушымызда "Үркер"шығармашылық орталығының марапатына лайықты. "Үркер-2019" байқауында екі "Бас жүлде" жеңімпазы болды, олар "Қолөнер" бөлімі бойынша 4 "А" сынып оқушысы Адилханова Улжан және "Вокал"бөлімі бойынша 3 "А" сынып оқушысы Мәлік Ғалым. Қалған оқушыларымыз "Алтын жүлде", "Күміс жүлде" және "Қола жүлде" иегерлері атанды.






