15
октябрь
2024
"Ұлт келбеті-ұстаз. Бес жылдың берекелі белестері" тақырыбындағы мақаласын педагогикалық ұжымға таныстыру
№15 мектеп-гимназиясында ҚР Оқу ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаевтің "Ұлт келбеті-ұстаз. Бес жылдың берекелі белестері" тақырыбындағы мақаласын педагогикалық ұжымға таныстырып, талқылау жүргізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының: "Ұлт келбеті-ұстаз, ұстаз қандай болса, мемлекет сондай болады"-деген қанатты сөзі де ұстаздар қауымына деген сенім.
Абылай ханның: "Билікке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік" десе, Шоқан Уәлиханов: "Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек", деген екі сөзді білімге бұрған екен. Аз ғана уақытта білім саласында жасалып жатқан ауқымды, кең жұмыстарға да тоқталдық. Ұстаз мәртебесі, еңбек ақысы, қолайлы-жайлы мектептердің салынуы, интернет желісінің жылдамдығы, "Біртұтас тәрбие бағдарламасының маңыздылығы. Осының барлығы болашақ-ұрпақ үшін жасалынып жатқандығы айтылды. Демек, біздің қазіргі қоғамдағы баршамызға ортақ және бәріміз үшін қастерлі мақсатымыз-терең білім мен саналы тәрбиеге уызынан қанып өскен ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ұзтаздардың қолынан келетіндігі даусыз.