Қамқоршылық алдында есеп » Школа Гимазия №15
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық алдында есеп
18
июнь
2020

Қамқоршылық алдында есеп

Құрметті ата – аналар және қамқоршылық   кеңесінің мүшелері!
 
        Бүгінгі таңда мемлекет ел экономикасының қарқынды дамуын қамтамасыз етуді көздеп, әлемдік кеңістіктегі адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды алға мақсат етіп отыр. Атаулы мақсаттардың құрамдас  бөлігі ретінде қазақстандық білім беру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету; халықаралық рейтингтегі көрсеткіштерді жақсарту, бала тәрбиесіндегі ата-аналар жауапкершілігін жетілдіруді қамтамасыз   ету мәселелері  көп өзгерістерді талап етеді.
        Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігінді  түзе» дегендей, ертеңгі ұрпақтың тәрбиесін бүгіннен бастап қолға алып, жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ұлттық тәрбие мен құндылықтарды қолға алу- біздің басты міндетіміз.  Қазіргі дамыған дәуірде озық қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.   Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. 
 Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда біздің алдымызда жас ұрпақты болашақ өмірге  және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру, оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. ХХІ ғасыр –білімділер ғасыры. Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру- мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр. Осы мақсатта  №15 мектеп-гимназия  табысты жұмыс атқарып келеді.
 Ата-аналар білім беру ұйымдарын таңдау мүмкіндігіне;  қорғаншылық кеңестері арқылы білімді басқаруға араласуға,  мектепалды тәрбие мен оқытуда қолжетімділікті  қамтамасыз етуге, баланың табыстары туралы ата-ана білім беру ұйымы байланысы арқылы қашықтықтан ақпарат алуға құқылы болуы заман талабы болып отыр. Қорғаншылық кеңестерінің жұмысын жоғары деңгейге көтеру нәтижесінде  білім алушыларға барлығына бірдей сапалы білімге қол жеткізуге, үздік білім беру ресурстары мен технологияларын пайдалануға, коммуникативтік және кәсіби біліктілікті дамытуға мүмкіндік жасалады. Қазіргі таңда оң шешілген жұмыстармен қатар өзгерістерді  талап ететін сұрақтар да бар.  Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасын, «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі   № 355  бұйрығын, осы Қағидаларды, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа ала отырып мектеп-гимназияда Қамқоршылық кеңес жұмыс атқарады. Қамқоршылық кеңес  мектептің өзін-өзі басқару органы болып табылады және  оның мақсаты мектеп қызметіне және  дамуына жәрдем көрсету мақсатында құрылды.  Қамқоршылық кеңесінің басты мақсаты сыныптардың ата-аналар комитеттеріне мектеп қабырғасында балалардың  тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуіне  қатысы бар материалдық  бөлігімен таныстыру. Мектепте Қамқоршылық кеңесі қамқорлық акцияларды  ұйымдастыру мен оқушылар мен мұғалімдердің түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуға көмек беру мен қаржылай қолдау көрсету болып табылады. Қамқоршылық кеңес   жұмысының нәтижесі  күнделікті мектеп-гимназия жұмысы  барысында көрініс тауып келеді.  №15 мектеп-гимназия ұжымы 2019-2020 оқу жылын табысты тамамдады.
           Мектеп-гимназия 2019-2020 оқу жылын 768 оқушымен  бастады. 1-4 сыныпта –14  сынып-347  оқушы, 5-11 сыныпта – 18  сынып- 501 оқушы бар.   Оқу жылының соңында 764  оқушымен аяқтадық.    
          Мектептегі педагогикалық қызметтің білім берудің мемлекекттік стандарт талаптарына сәйкестігін, мектептің одан әрі дамуын қалыптастырыру мақсатында Мектептің Даму Жоспары және Жылдық жоспары жүзеге асырылды. Мектеп-гимназияның Даму Жоспарында  алдағы 3 жылда қол жеткізетін индикаторлар: білім сапасы, педагог кадрлардың құрамын жақсарту, жас мамандарды тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдың алу,  білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету, білім алушыларды  қосымша біліммен қамту, "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубының ,"Жас қыран" 1-4-сынып, "Жас Ұлан" 5-10 сынып қозғалысына қатысатын оқушыларының үлесін жоғарлату, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жоспарланып, нақтыланды. Жылдық жоспарда  бір жыл ішінде алдымызға қойған нақты мақсаттарды белгілеп, жұмыс жүргізілді. Онда - жалпыға бірдей міндетті білім берудің орындалуы, педагог кадрлармен жұмыс, мектеп құжаттарын жүргізуді бақылау, оқушылардың білім-білік дағдылары, оқу-материалдық база, пәндердің  оқыту сапасын бақылау, құқық бұзушылықтың алдын-алу, жетім, қамқорлықтағы, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасы  балаларының әл-ауқатын арттыру, психологиялық көмек, оқушылардың тәрбиелік деңгейін  жақсарту, бос уақытын тимімді  ұйымдастыру, үйірме мен секциялардың, сыныптан тыс іс-шаралардың мазмұнын  жақсарту қарастырылды. Жоспарланған  іс-шаралар дер кезінде орындалып, директор жанындағы кеңес, әкімшілік кеңес, педагогикалық  кеңесте қаралып отырды.
 Мектеп–гимназияның 3 жылдық білім сапасының   салыстырмалы көрсеткіші;

 ҰБТ –ға және қорытынды аттестаттауға  дайындық
 
    11-сыныпта- 23 оқушымен оқу жылын аяқтады ҰБТ–ға дайындық жұмыстары жүргізілді. Жыл бойынан ҰБТ-ға  және қорытынды аттестаттауға дайындықтың қадамдық іс-қимыл жоспары жасалды. Бірнеше рет сынақ тест, психологиялық көмек,  мамандық таңдауға көмек, ата-аналармен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды.
 Оқу жылында 4 оқушы үйден оқытылды . Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт мектепке келе алмайтын балалар үшін ҚР  «Білім туралы заңының» 8 бап, 5 тармағына, ҚР Білім және ғылым министрінің №61 (2014 ж 25 ақпан) бұйрығына, Тараз қалалық ведомствоаралық психологиялық – медициналық-педагогикалық консультациясы мемлекеттік мекемесінің үй жағдайында оқытылатын оқушыларға берген қорытындысын негізге ала отырып оқу – тәрбие жұмысы ұйымдастырылды. 
      Мұнда ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі  №174 бұйрығының 4-қосымшасы басшылыққа алынып, мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес ұйымдастырылды. 
      Үйден оқыту барысы үнемі зерделеніп отырды. Үйден оқитын балаларға психологиялық көмек көрсетіліп, түзету жұмыстары жүргізілді. 
 
Оқу процесін цифрландыру

  1. Өздерініз байқағандай биылғы оқу жылында оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау  ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуір №179 бұйрығының 1-қосымшасын «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомостволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып және eduschool.kz сайты арқылы қабылданды. 
  2. Былтырғы оқу жылынан бері «Күнделік.кз» жүйесі енгізіліп, жауапты мамандар белгіленген. Барлық оқушы туралы мәліметтер енгізіліп, ата-ана бұл жүйе арқылы оқушының білімін бақылап, үй тапсырмасын көріп, үнемі байланысты бола алады.
  3. Ұстаздар мен оқушыларға «Bilimland» жүйесі де  қолжетімді. Оның білім сапасын жетілдіруде маңызы зор. Бүгінгі күні барлық мұғалім   аталған жүйеге тіркеліп , өз сабақтарында керекті ресурстарды пайдалануда.  
  4. Мектепте өтіп жатқан оқу-тәрбие үдерісіндегі басты жаңалықтар мен жетістіктер Фейсбук, Инстаграмм әлеуметтік желілері  және  №15 мг сайты арқылы жариялануда.
  5. Мектепке бөлінген қаражат туралы ақпарат тоқсанына бір рет №15 МГ сайтының ашық бюджет блогында жарияланып келеді.
  6. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жүйесі Jumis.sitsen «Еңбек» сайты арқылы жүргізілуде. 
  7. Бүкіл әлемдік пандемияға байланысты 4 тоқсанды қашықтықтан оқып аяқтадық. Мұғалімдер мен оқушылар ватсап, әр түрлі интернет платформаларын тиімді пайдалана отырып сабақ өтті.

Әлеуметтік жұмыстар мектеп – гимназиясының  әлеуметтік паспортына тоқтала кетсек:
 
Көп балалы отбасы саны – 153 (ондағы тәрбиеленетін бала саны - 653);  толық емес отбасынан шыққан оқушылар саны – 81, тек анасымен тұратын оқушылар саны – 79, тек әкесімен тұратын оқушылар саны – 2, өгей әкемен тұратын оқушылар саны – 1, өгей шешемен тұратын оқушылар саны – 0, қамқоршысымен (опекун) тұратын оқушылар саны – 0, жайсыз отбасындағы оқушылар саны – 0,үйде оқитын-4, мектепішілік есепте тұрған оқушыжоқ.
       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13.04.2015 жылғы №198 бұйрығының 6-қосымшасымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» туралы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 қаулысын негізге ала отырып, 5 санат бойынша 
163  баланың құжаты жинақталды.
      1-жартыжылдықта ыстық тамақ бағасы 450 тг бол
ды, ас мәзіріне жеміс-жидектер, йогурт, ірімшік, айран қосылды. Тамақ сапасы бойынша бракераж комиссия мүшелері беріліп жатқан тамақты тексеріп отырды. Сыныптың ата-аналар комитет мүшелері де тамақ сапасын көріп, көңілдерінен шығатындығы туралы ұсыныстар қалдырып отырды.
 
         1.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар

Отбасыларынан шыққан білім алушылар–9

  2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан білім алушылар саны – 154

3. Жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар  - 0
 4.Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар – 0

5.Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілер – 0

  Мемлекет тарапынан көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан  163  балаға қыстық аяқ киім, сырт киім, бас киім, мектеп формасы, ақ жейде, сумка таратылады. 

27.12.2019 жылы   Тараз  қаласы   әкімінің  жаңа  жылдық шыршасы болып өтті. Биылғы  оқу жылында қала әкімінің шыршасына  мектебімізден   бір оқушы қамтылды.  Атап  айтар   болсақ                     5 «Ә» сынып оқушысы Ермекұлы Дінмұхаммед. Оқушының  жаңа жылға қойылған концерттік бағдарламадан алған әсерлері өте жақсы, жақсы көңіл күйде. Шыршаға қатысқан оқушыға сыйлықтар: қыстық күртеше, бас киім, шарф, сондай ақ, «Рахат» өнімдерінен бір қорап кәмпиттер және жұмсақ ойыншықтар берілді.

 Жазғы демалыс кезіңінде мектеп оқушыларына ұйымдастырылатын танымдық  экскурсияға 14-17 жас аралығында Т.Рысқұлов ауданына  4- оқушы жолдама алды. 
 
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар
      Құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты жасалған жұмыстар туралы 
 2019 -2020 оқу жылының жоспарында көрсетілгендей, әр айдың 2 аптасында 1-11 сыныптарда «Құқықтық білім беру» апталығы жүргізіліп, құқықтық тәрбие шаралары жасалынды. 
 Рейдтік жұмыстары атқарылып, ,нәтижесінде күдік туғызатын іс-әрекеттер орын алмады.  
 Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, бопсалау мен әр түрлі мәселелердің алдын алуға байланысты мектеп ішінде  «Сенім жәшігі» қойылды.  Жәшік  айына 1 рет ашылып, түскен хаттар директор жанындағы, әкімшілік отырысында талқыланып отырды.
 Мектеп-гимназияда «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасайды. Оның 18 мүшесі бар. Жоспары жасалынып, бірнеше рет семинарлар, тренинг, кездесулер өткізілді. «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды. 

Білім саласындағы жетістіктер

      Қалалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында, «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында пәндерді оқыту: өзекті мәселелер және шешу жолдары» тақырыбындағы педагогикалық оқуда математика пәні мұғалімдері иеленді . Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің   алғыс хатымен  марапатталды. 
 Қашықтан Дарын онлайн  платформасында өткізілген ҚазТест орталығының  ұйымдастырған байқауында жүлделі орындарымен 25  мұғалім марапатталды.
 2019-2020 оқу жылында  768 оқушы білім алуда. Білім сапасы-   %. 
 Мектеп   бітіруші түлектер саны  23 оқушы болса,   оның ішінде 1 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне, 3 оқушы «Үздік аттестатқа»,  9-сыныптар бойынша 7 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. 
 Қалалық 
 -ғылыми жоба байқауында – 4 оқушы жүлдегер атанды. (9 сынып оқушысы Байменова Жанерке тарих пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом, 10- сынып оқушысы Молдақасымова Ұлдана әдебиет пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом,   11-сынып оқушысы Алпыс Маржан ағылшын тілі пәні бойынша ІІ дәрежелі диплом, 9-сынып оқушысы Қойшыбекова Сабина география пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом иеленді.)
 -пән олимпиадасында  6 оқушы жүлделі  орын иеленген. (9-сынып оқушысы Әмірбек Тұрсынай математика пәні бойынша  ІІ орын, 10 сынып оқушысы Дюсемханов Әлібек ағылшын тілі пәні ІІІ орын, тарих пәні бойынша 9 сынып оқушысы Бекенова Айдана ІІ орын, 10 сынып оқушысы Әшірхан Аружан  І орын, 11 сынып оқушысы Сати Амина қазақ тілі мен әдебиеті пәні  ІІ орын,  9-сынып оқушысы Рахимбердиева Даяна география пәні бойынша ІІІ орын иеленді.)   
 «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы...» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған республикалық өнер-білім байқауында көркем сөз номинациясы бойынша Орал Дана ІІ орынмен, «Көрнекіліктер аукционы» атты байқауда «Математика –физика күнделікті өмірде» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Қыдырғали Дария ІІІ орын, эссе байқауында ағылшын тілі пәні бойынша 8 сынып оқушысы Тілеміс Аружан ІІ орын, 7 сынып оқушысы Нышанбек Аяжан І орын, Әл-Фараби –Шығыстың ғұлама ғалымы Бастауыш сынып оқушылары арасында шығарма байқауынан  2 орын , Байдос Аяулым,  Бисенби Нұрасыл –І орынмен марапатталды. 
 Облыстық 
 -ғылыми жоба байқауында 2 оқушы жүлделі орын иеленді.  9 сынып оқушысы Байменова Жанерке тарих пәні бойынша ІІ дәрежелі диплом, 9-сынып оқушысы Қойшыбекова Сабина география пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом, 11-сынып оқушысы Алпыс Маржан ағылшын тілі пәні бойынша алғыс хатпен марапатталды.
 -пән олимпиадасында  3 жүлделі орын;  математика пәні бойынша 9-сынып оқушысы Әмірбек Тұрсынай математика пәні бойынша   ІІІ орын, тарих пәні бойынша 9 сынып оқушысы Бекенова Айдана ІІ орын, тарих пәні бойынша 10 сынып оқушысы Әшірхан Аружан  І орын   иеленді. 
 -Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған байқауында 7 «Ә» сынып оқушысы Орал Дана І орын, 9 «В» сынып оқушы Әшімова Нұрай ІІІ орын иеленді.
 -Әл-Фараби –Шығыстың ғұлама ғалымы Бастауыш сынып оқушылары арасында шығарма байқауынан  1 орын , Байдос Аяулым – ІІІ дәрежелі диплом иеленген.  
 Республикалық  
 -«Зерде» шығармашылық жобалар байқауында 2 оқушы, 4-сынып оқушысы Серік Санжар ІІ орын,7 сынып оқушысы    ІІ орын иеленді. 
 Қашықтықтан ұйымдастырылған 
 -TIO. NIO  байқауларында 210 оқушы, КИО- 93 оқушы, «Ақ бота» интеллектуалды марафонында 115 оқушы, «Самұрық» математикалық зияткерлік сайысында 15 оқушы 
 Халықаралық
 - «Человек и природа» байқауына 52 оқушы, «Русский медвежонок- языкознание для всех» байқауында 42 оқушы,  ПОНИ-дан 132 оқушы, «British Buldog» байқауында  97 оқушы, қашықтықтан ұйымдастырылған әр түрлі байқауларда 153 оқушы  жүлделі орындарға ие болды. 
 8.Тәрбие саласындағы жетістіктер
 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында мектеп-гимназияда «25 кітап» жобасы және «Ауылдағы 10 күн», «Қаладағы 10 күн» «Ата – анамның жұмысындағы бір күнім»,  «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы   жобалары , «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Әуені бөлек бал ғұмыр» түлектер күні жобасы жүргізіліп келеді. «25 кітап» жобасы 2-10 сыныптарға және    «Ауылдағы 10 күн жобасы», «Қаладағы 10 күн жобасы» 7-8 сыныптарға  арналған. «25 кітап» жобасы былтырғы оқу жылынан бастап, «Ауылдағы 10 күн», «Қаладағы 10 күн» «Ата – анамның жұмысындағы бір күнім»,  «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы   жобалары , «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы ,«Әуені бөлек бал ғұмыр» түлектер күні жобасы 2019 жылдың наурыз айынан бастап енгізілген. «Рухани жаңғыру»   бағдарламасы аясында «Бір бала-бір ағаш» атты 1 және 11 сынып оқушылар  ағаш отырғызу акциясы өтті.

Үйірме жұмысы
 
Биылғы оқу жылында мектеп-гимназиямызда 30 үйірме жұмыс жасады. Осы үйірме қатысушылары республикалық,облыстық, қалалық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. 
 Халықаралық байқаулардан бас жүлде-7, бірінші орын-28, екінші орын-18, үш орын-15
 Республикалық байқаулардан бас жүлде-8, бірінші орын-60, екінші орын-110, үш орын-28
 Облыстық байқаулардан бас жүлде-2, бірінші орын-15, екінші орын-10, үш орын-12
 Қалалық байқаулардан бас жүлде-3, бірінші орын-30, екінші орын-11, үш орын-4
   Мектеп-гимназиямызда «Жас Ұлан» ұйымы жұмыс жасап келеді. Былтырғы  оқу жылында 290 жас ұландықтар және 311 жас қырандықтар «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Барлығы 601 оқушы.  Оқушылар көптеген қалалық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.
       2019 жылдың қазан айында өткен қалалық әскери-спорттық жарысқа «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері қатысып, жүлделі ІІ орынмен марапатталды.
 «Үздік Ұланбасы-2019»   облыстық байқауға қатысып, мектеп ұланбасы Хабибулла Саид ІІ орынға ие болды.
      7 сәуір -«Халықаралық денсаулық күніне» орай қалалық тәлімгерлер арасында ұйымдастырылған, «Спорт-денсаулық кепілі» атты спорттық жарыста және «Жайдарлы –Жас Ұлан» көңілді тапқырлар байқауында «Жас Ұлан» ұйымынан құралған  КВН командасы   алғыс хатпен марапатталды.
 10. Материалдық-техникалық базаны жақсарту  Мектеп-гимназияда 18 оқу кабинеті бар.  2 информатика кабинеттерінде 31  компьютермен жабдықталып, барлығы интернет желісіне қосылған. Білім алушылар робототехника бағыттары арқылы білім алуда. Қазіргі таңда Робототехника шеберханасында    оқушы білім алуда. 3D моделдеу , программалау робототехника бағыттары арқылы білім алуда. Робототехника кабинетінде   11  дана заманауи ноутбуктармен , 3D принтер, 11 дана arduino (ардунио! , 11 дана make blok (мейк блок) роботымен жабдықталған. 
1 дана интербелсенді тақтамен жабдықталған. Компьютерлік сыныптар саны  - 2 , жалпы мектептегі  компьютерлер саны  108  дана . Бір компьютерге шаққанда баладан келеді. Мәжіліс залы  100 орынға шақталып,  музыкалық аппараттармен  жабдықталған. Асханада  бір мезгілде 48 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Дене шынықтыру сабақтарына қолайлы жағдайлар жасалған. Онда тренажерлар, баскетбол, волейбол, футбол алаңдары қолайлы орналасқан. Медициналық кабинет 2 бөлмеден тұрады, онда медициналық құралдар мен құрылғылар жеткілікті.  
 Физика, химия, биология  кабинеттері лабораториялық  жабдықтармен қамтамасыз етілген.
 Мемлекеттік бюджеттен  мектептің 
косметикалық жөндеу жұмыстарына  300 (үш жүз) мың теңге бөлініп отыр. Жалпыға бірдей білім беру қорынан аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасы балаларына (163  білім алушыға) қыстық киім (қыстық аяқ киімдер, қыстық күртешелер,бас киімдер, сөмкелер) мектеп формасына 1457232 мың теңге, кеңсе тауарларына 317866 мың теңге бөлінді. Олардың игерілуі туралы мәліметті мектептің ашық бюджет сайтынан көре аласыздар. Бұл қаражат мемлекеттік сатып алу заңы бойынша жүзеге асырылады.
 
Қорытындылай
келе:
  Жас ұрпақты білімді, жан – жақты етіп өсіруге әрбір ата – ана, мектеп және бүкіл жұртшылық болып қатысу керек. Сондықтан да ұстаздар қауымы, сапалы  білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын  ұлағаттылыққа тәрбиелеуде. Біздің ертеңгі  жоспарымыздың  орындалуына, көздеген мақсатымызға  қол жеткізу үшін, құрметті ата – аналар сіздердің қолдауларыңыз қажет. «Ешқашан да үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер болмайды» демекші, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесе, ынтымақтастықта жұмыс жасасақ, біз ала алмайтын қамал болмас деп өз есебімді қорытындылағым келеді.
 Жаңа 2020-2021  оқу жылына қойылған міндеттер:
 1.  Педагогтердің жалпы санынан педагог мастер, зерттеуші, сарапшы модератор бар педагогтердің үлесін   60% жеткізу;
  2.  Педагогтердің жалпы санынан жас педагогтердің үлесін 20% жеткізу;
 3. Қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың үлесін 35% жеткізу;
 4. Білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту.
 5. Техникалық шығармашылық орталықтармен жұмысты жандандыру арқылы оқушылардың түрлі спорттық іс-шараларға, байқауларға қатысуын күшейту.
 6.  "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубының қозғалысына қатысатын оқушылардың санын арттыру.
 7. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепішілік үйірменің сапасын жақсарту
 8. "Жас қыран", Жасұлан  қозғалысына қатысатын оқушыларының үлесін арттыру.
 9. «Аналар мектебі", "Әкелер мектебі", «Әуені бөлек бал ғұмыр» түлектер жобасы іске асыру.
 10. Мектептің материалдық базасын нығайту

Тыңдағандарыңызға рахмет.


 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив