Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл
Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам. Қараңғылықтың көгіне, Күн болмағанда, кім болам? №15 мектеп-гимназиясында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірімен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру мақсатында 17-қараша күні көркем-әдеби шолу, ақын өлеңдерін жатқа оқу іс-шарасы өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ғ. Бекежанова, Ж. Алпысбай, А. Серкебаева оқушыларға ақын өлеңдерінің шығу тарихын таныстырып, ақын мұраларының өміршеңдігін түсіндірді.